ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
09.09.2026, 14:00

Алматы митрополиті Николайдың қасиетті жәдігерлерінің табылған күніне арналған мереке Оңтүстік астанада дұға етумен атап өтілді

Алматы митрополиті Николайдың қасиетті жәдігерлерінің табылған күніне арналған мереке Оңтүстік астанада дұға етумен атап өтілді

2026 жылғы 8 қыркүйекте Алматы митрополиті, дін жолындағы азап шегуші Николайдың қасиетті жәдігерлерінің табылған күнін еске алу мерекесінде Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Митрополиттік округінің іс басқарушысы, Қаскелең епископы Геннадий Алматы қаласындағы Никольский кафедралды соборында Құдайлық Литургиясын өткізді.

Жоғары Мәртебеліге қызмет еткендер: Алматы храмдарының құрметті өкілі, Никольский соборының басқарушысы протоиерей Валерий Захаров; Митрополиттік округі басшысының жеке хатшысы иеромонах Димитрий (Байдек); Богоявленский храмының басқарушысы протоиерей Валерий Шаврин; Алматы семинариясының тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры иерей Иоанн Ливинский; Митрополия округі басшысының әкімшілік хатшылығының жетекшісі иерей Георгий Сидоров; Никольский соборының дін қызметкері иерей Олег Насымов; Ақжар шағынауданындағы Богородице-Рождественский шіркеуінің дін қызметкері иерей Сергий Слесарчук; диакон Алексий Канушин; диакон Александр Воронин; диакон Иоанн Чуркин.

Литургиялық әндерді Никольский соборының О. Соломонова жетекшілік ететін хоры орындады.

Құлшылықта дұға еткендер: Алматы епархиялық басқармасының қызметкерлері мен көптеген приход мүшелері.

Литургия кезінде дін жолындағы сенімін берік ұстанған митрополит Иосиф (Чернов), митрополит Николайдың (Могилевский) серігі әрі рухани ұлы болған архимандрит Исаакий (Виноградов), сондай-ақ «құдайсыздардың қатал қуғын-сүргінінде азапталып, қаза тапқан, аштықтан, суықтан, жарақаттан, аурудан және ауыр еңбек жағдайында өмірден өткен» православ христиандардың рухына тыныштық тіленіп, дұғалар оқылды.

Литургия соңында айтылатын дұғадан соң қасиетті жәдігері жатқан раканың алдында дін жолындағы азап шегуші Николайға арналған мадақтау рәсімі өтті.

Құлшылық ету соңында епископ Геннадий дін қызметкерлері мен жамағатты мерекемен құттықтап, жиналғандарға сөз сөйледі. Ол өз сөзінде Алматының әулиесі Николайдың өмірі мен шіркеудегі қызметі туралы айтып берді.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді