ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
12.09.2026, 11:00

Алматы рухани семинариясы атынан Астана және Қазақстан митрополиті Александрға Тезоименитство күніне орай құттықтауы

Алматы рухани семинариясы атынан Астана және Қазақстан митрополиті Александрға Тезоименитство күніне орай құттықтауы

12 қыркүйек 2026 жыл. Алматы қаласы

Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александрды Тезоименитство күнімен Алматы православие рухани семинариясының әкімшілігі, оқытушылары мен студенттері құттықтайды:

Жоғары мәртебелі, аса құрметті митрополит Александр, біздің архипастырымыз әрі әкеміз!

Алматы рухани семинариясының басшылығы, оқытушылары мен білім алушылары атынан Сізге көктегі қамқоршыларыңыз — ізгі сенімімен танылған ұлы кнәз Александр Невский мен әулие Александр Свирскийді еске алу күніне орай құттықтауымызды қабыл алуыңызды өтінеміз.

«Әділ адамның жемісі — өмір ағашы, ал дана адам жандарды өзіне тартады» (Пртч. 11:30), — деп көне өсиет пайғамбары жария етеді. Сіздің өмір жолыңыздың үлгісі, ыстық дұғаларыңыз, дана кеңестеріңіз бен тәлім-тәрбиелік өсиеттеріңіз бізге Христос Шіркеуіне қызмет ету ісінде жүктелген мойынсұну мен міндеттерімізді атқаруға, Інжіл жолымен нық жүруге, жасаған қателіктерімізді түзетуге және жүрегіміздегі тірі сенімді сақтауға көмектеседі. Өздерінің көктегі қамқоршылары секілді, Сіз де құрбандыққа толы еңбегіңізбен, табандылығыңызбен және сабырыңызбен, Құдайдың жәрдемімен, айналаңыздағы өмірді өзгертіп, жаңартып, шіркеу өмірінің түрлі салаларын дамытып келесіз. Сіз діндар қауымды Інжіл мұраттарына сай өмір сүруге, сүйіспеншілік пен мейірімділік істеріне, бейбітшілік пен қоғамдық келісімді нығайтуға үнемі шақырасыз. Замандастарыңыз Сіздің беделді сөзіңізге құлақ асады, өйткені уағызыңыз «адам даналығының нанымды сөздерінде емес, рух пен күштің көрінісінде» (1 Кор. 2:4).

Сіз үшін айрықша мәні бар осы күні Сізге алғысымызды және перзенттік ризашылығымызды білдіргіміз келеді. Өйткені бұдан 16 жыл бұрын Алматы қаласында Сіздің бастамаңызбен құрылған рухани семинарияға үнемі қамқорлық жасап, белсенді қолдау көрсетіп келесіз.

Біздің жоғары рухани оқу орнымызда еңбек етіп, білім алып жүрген баршамыз Сізге денсаулық, құтқарылу және барлық игі істеріңізге Құдайдың жәрдемі берілуін тілеп, Жаратқан Иеге дұғаларымызды арнаймыз.

Сізге жан және тән күш-қуатының беріктігін, Құдайдың мол көмегін және өзіңіз атқарып жүрген жоғары әрі жауапты архиерейлік қызметіңізде толағай табыстар тілектерімізді шын жүректен қабыл алыңыз.

Εἰς πολλὰ ἔτη, δέσποτα!

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді