2026 жылғы 12 қыркүйек – ізгі ұлы кнәз Александр Невский мен қасиетті Александр Свирскийді еске алу күні.
Астана және Қазақстан митрополиті Александр әулие кнәз Александр Невский мен қасиетті Александр Свирскийді мерекелеу күні өзінің тезоименитство күнін дұға арқылы атап өтіп, Алматы қаласындағы Александр Невский соборында Құдайлық Литургияны өткіхді.
Қазақстан Православие Щіркеуінің Басшысына қызмет еткендер: Қарағанды және Шахтинск архиепископы Севастиан; Өскемен және Семей архиепископы Амфилохий; Көкшетау және Ақмола архиепископы Варсонофий; Петропавл және Булаево архиепископы Владимир; Қарағанды епархиясының викарийі, Сәтбаев архиепископы Ипатий; Қазақстан Православие Шіркеуінің істері басқарушысы, Қаскелең епископы Геннадий; Ақтөбе және Қызылорда епископы Игнатий; Астана епархиясының викарийі, Талдықорған епископы Клавдиан; Шымкент және Түркістан епископы Хрисанф; Астана епархиясының викарийі, Талғар епископы Вениамин; Орал және Атырау епископы Вианор; Оңтүстік астанадағы шіркеулер благочинныйы, әулие Николай соборының басқарушысы протоиерей Валерий Захаров; Астана приходтарының благочинныйы архимандрит Сергий (Карамышев); Алматыдағы Құдай Анасының «Қайғырғандарға қуаныш» иконасы құрметіне арналған шіркеудің басқарушысы протоиерей Евгений Воробьев; әулиелерді заңдастыру жөніндегі епархиялық бөлімнің басшысы архимандрит Иосиф (Еременко); Вознесенский кафедралды соборының кілтшісі, Митрополиттік округтің қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы протоиерей Александр Суворов; Христорождественский соборының кілтшісі протоиерей Александр Гайченя; Іле шіркеу округінің құрметті өкілі протоиерей Александр Зырянов; Боралдай кентіндегі Иверск шіркеуінің басқарушысы игумен Филарет (Петроченко); Александр Невский шіркеуінің басқарушысы протоиерей Иоанн Лопатин; Митрополиттік округ басшысының жеке хатшысы иеромонах Димитрий (Байдек); Алматы епархиясы шіркеулерінің басқарушылары мен дін қызметкерлері, Митрополитік округ бөлімдерінің діни қызметтегі басшылары. Диакондар тобын протодиакон Николай Гринкевич басқарды.
Құлшылық ету кезінде храмға дұрыс ізгі кнәзАлександр Невскийдің қасиетті жәдігерлерінің бір бөлігі салынған кеме жеткізілді.
Литургия кезінде дұға еткендер: Иверско-Серафимовский монастырының басқарушысы игумения Любовь (Якушкина) бастаған монастырь әпкелері, Алматы епархиялық басқармасының қызметкерлері, Алматы православие рухани семинариясының студенттері және Александр Невский шіркеуінің қайырымдылық жасаушылары.
Мерекелік шараның қонағы Алматы қаласы дін істері басқармасының басшысы Н. М. Кикимов болды.
Құлшылық кезіндегі әндерді Митрополиялық округ хоры орындады. Хор регенті – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайраткері О. Н. Овчинников, хормейстері – В. Дударева. Сонымен қатар диакон Александр Пивень жетекшілік ететін Алматы епархиясының ерлер хоры ән шырқады.
Қксиетті өлеңнен кейін уағызды иерей Георгий Рублинский айтты.
Литургия дұрыс ізгі кнәз Александр Невский мен қксиетті Александр Свирскийді ұлықтаумен аяқталды.
Құлшылық аяқталғаннан кейін Қазақстан Православие Шіркеуінің басшысы дін қызметкерлері және діндарлармен бірге собор алаңында орналасқан дұрыс сенімдегі князь Александр Невский ескерткішіне барып, оның монументіне гүл шоқтарын қойды.
Архиепископ Амфилохий Ресей Православие шіркеуінің Предстоятелі, Мәскеу және бүкіл Русьтің Қасиетті Патриархы Кириллдің митрополит Александрды тезоименитство күнімен құттықтаған үндеуін оқып берді.
Дін қызметкерлері мен миряндар атынан митрополит владыкасын періште күнімен Қаскелең епископы Геннадий құттықтады.
Митрополиттік округ басшысы ізгі тілектер үшін алғысын білдіріп, жиналғандардан Христос шіркеуіне қызмет етуінде Құдайдың рақымды көмегінің берілуі үшін ерекше дұға етуді сұрады. Бұдан кейін ол архипастырларды, дін қызметкерлерін, монашестволық қауым мүшелерін және миряндарды ұлы әулиелер – дұрыс сенімдегі князь Александр Невский мен преподобный Александр Свирскийді еске алу күнімен құттықтады.
Ресей Православие шіркеуінің Предстоятелі, Мәскеу және бүкіл Русьтің Қасиетті Патриархы Кириллге; Қазақстан Митрополиттік округінің басшысына, епископатына, дін қызметкерлеріне, монашестволық қауымына және миряндарына; ел Президенті Қ.-Ж. К. Тоқаевқа; Қазақстан билігіне, әскеріне және барша халқына көпжылдық ғұмыр тіленіп, дұға жасалды.
Мерекелік құлшылықтың бейнетүсірілімін Қазақстан Митрополиялық округінің «Семиречье» телестудиясы – директоры Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері В. Л. Посаднева – және «Семиречье» YouTube арнасы, сондай-ақ «Eleos-Meirim» қорының қызметкерлері – президенті В. М. Капсамун – жүзеге асырды.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр