ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
13.09.2026, 10:00

Қазақстан Православие Шіркеуінің Синод отырысы Алматы қаласында өтті

Қазақстан Православие Шіркеуінің Синод отырысы  Алматы қаласында өтті

12 қыркүйек 2026 жыл. Алматы. Митрополит Иосиф (Чернов) атындағы Қазақстан Митрополиттік округінің рухани-мәдени және әкімшілік орталығының Синод залында Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың төрағалығымен Қазақстан Православие Шіркеуі Синодының отырысы өтті.

Қазақстан Митрополиттік округі Синодының құрамында болғандар:

Павлодар және Екібастұз архиепископы Варнава; Қарағанды және Шахтинск архиепископы Севастиан; Өскемен және Семей архиепископы Амфилохий; Көкшетау және Ақмола архиепископы Варсонофий; Петропавл және Булаево архиепископы Владимир; Қарағанды епархиясының викарийі, Сәтбаев архиепископы Ипатий; Қазақстан Православие Шіркеуінің істер басқарушы, Қаскелең епископы Геннадий; Ақтөбе және Қызылорда епископы Игнатий; Астана епархиясының викарийі, Талдықорған епископы Клавдиан; Шымкент және Түркістан епископы Хрисанф; Астана епархиясының викарийі, Талғар епископы Вениамин; Орал және Атырау епископы Вианор.

Ортақ дұғадан кейін Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы архипастырлармен сәлемдесіп, күн тәртібін жариялады.

Алғашқы болып Астана және Қазақстан митрополиті Александр есепті кезеңде Қазақстан Митрополиттік округінің епархияларына жасаған сапарлары туралы баяндама жасады. Атап айтқанда, Қостанай және Рудный; Қарағанды және Шахтинск; Орал және Атырау; Петропавл және Булаево; Шымкент және Түркістан; Өскемен және Семей; Павлодар және Екібастұз епархияларына барғаны туралы айтты.

Бұдан кейін митрополит өз баяндамасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қайраткерлерімен: Премьер-министр О. А. Бектеновпен, Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі А. Г. Балаевамен, Сыртқы істер министрі Е. Б. Көшербаевпен, Астана қаласының әкімі Ж. М. Қасымбекпен, Алматы қаласының әкімі Д. А. Сатыбалдымен, Мәдениет және ақпарат вице-министрі К. Ж. Ысқақовпен кездесулері туралы; Беларусь Республикасының Сыртқы істер министрі М. В. Рыженковпен кездесуі туралы; сондай-ақ Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктер басшыларымен – Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі А. Н. Бородавкинмен, апостолдық нунций, архиепископ Джордж Панамтхундилмен, Италияның Төтенше және өкілетті елшісі Антонелло Де Риумен, Беларусь Республикасының Алматыдағы Бас консулы Д. В. Мелешкинмен кездесулері туралы хабарлады.

Митрополиттік округ Басшысы Қазақстанда өткен бірқатар ауқымды мәдени-ағартушылық, ғылыми және жастар іс-шаралары туралы Синод мүшелеріне ақпарат берді. Олардың қатарында: Алматы қаласында сенім жолындағы мойындаушы әрі тақуа, Алматы және Қазақстан митрополиті Иосифтің (Чернов) музей-үйінің ашылуы; Алматы православие рухани семинариясы базасында өткен «Шығыс пен Батыстағы дін философиясы» атты IV Халықаралық ғылыми конференция; «Служебник» кітабының қазақ тіліне аударылған нұсқасының таныстырылымы; «Пасхальная песнь» атты православиелік хор музыкасының халықаралық фестивалі; Алматының қасиетті шейіттері Серафим мен Феогностың мәйіттерінің табылғанына 25 жыл толуына арналған халықаралық волейбол турнирі; «Аспан. Адам. Дала» атты православиелік жастардың Еуразиялық форумы және шіркеудің әлеуметтік-қайырымдылық қызметіне арналған «Жақыныңа қызмет ету» атты I Жалпықазақстандық съезд болды.

Сөзінің соңында митрополит Александр архипастырларға Астана қаласында салынып жатқан, Қазақстан жерінде жарқыраған Бүкіл әулиелер құрметіне арналған храмы бар Қазақстан Православие Шіркеуінің рухани-мәдени және ағартушылық орталығына Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының орынбасары Д. Н. Чернышенконың барғаны туралы және өзінің «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық турнирінің ашылу салтанатына қатысқаны туралы айтып берді.

Синод мүшелері Митрополиттік округтің істері басқарушысы, Қаскелең епископы Геннадийдің Шіркеуаралық кеңес қатысуы комиссиясының қоғамдық өмір, мәдениет, ғылым және ақпарат мәселелеріне арналған отырыстарына, сондай-ақ Шіркеуаралық кеңес қатысуының теология және теологиялық білім беру жөніндегі комиссиясының отырысына қатысуы туралы баяндамасын тыңдады. Сонымен қатар ол «Әлемнің тұрақты дамуына қол жеткізудегі діни көшбасшылардың рөлі» атты халықаралық конференциядағы жұмысы туралы хабарлады.

Епископ Геннадий Қазақстан Митрополиттік округі епархияларында Православиелік кітап күнінің өткізілгені және Алматы епархиясы өкілдерінің жасанды интеллектіні дамыту мен қолданудың этикалық, құқықтық және әлеуметтік аспектілеріне арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысқаны туралы ақпарат берді.

Бұдан әрі қазақстандық архипастырлар баяндама жасады:

-Қарағанды және Шахтинск архиепископы Севастиан Ұлытау облысының әкімі Е. Б. Байкенмен кездесуі туралы айтып берді;

-Петропавл және Булаево архиепископы Владимир Петропавл қаласындағы Вознесенский кафедралды соборы жанындағы рухани-әкімшілік орталықта өткен «Қазақстандағы православие тарихы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция туралы баяндады;

-Ақтөбе және Қызылорда епископы Игнатий Қазақстан Митрополиялық округінің дін қызметкерлері мен миряндарының Қасиетті жерге жасаған қажылық сапары туралы айтты;

-Талдықорған епископы Клавдиан Қазақстан Митрополиттік округінің монастырь қызметкерлеріне арналған білім беру конференциясының өткізілгені туралы баяндады;

-Орал және Атырау епископы Вианор Батыс Қазақстан облысы Дін істері басқармасының басшысы А. Н. Тапишевпен кездесуі туралы хабарлады.

Отырыстың соңында митрополит Александр Синод мүшелеріне Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кириллдің батасымен Қазақстан жеріне православиенің ұлы қасиетті жәдігері – Тримифунттық әулие Спиридонның қастерлі жәдігерінің әкелінетіні туралы хабарлап, оның Қазақстан Митрополиттік округі епархияларында болу кестесін таныстырды.

Қазақстан Православие Шіркеуі Синоды отырысының журналдары Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кирилл тарапынан бекітіледі. Бұл туралы Русь Православие шіркеуі Жарғысының XIII тарауының 9-бабында былай делінген: «Митрополиттік округ Синодының журналдары Қасиетті Синодқа ұсынылады және Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы тарапынан бекітіледі».

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді