ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу және мемлекет
28.09.2026, 09:00

Қазақстан Митрополиттік округі хорының регенті О.Н. Овчинниковты 55 жасқа толуымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары А.Г. Балаева құттықтады

Қазақстан Митрополиттік округі хорының регенті О.Н. Овчинниковты 55 жасқа толуымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары А.Г. Балаева құттықтады

2026 жылғы 28 қыркүйекте Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан Митрополиттік округі хорының регенті, Шіркеулік ән айтуды дамыту жөніндегі Патриарх кеңесінің мүшесі О.Н. Овчинниковтың туғанына 55 жыл толады. Олег Николаевичті мерейтойымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары Аида Ғалымқызы Балаева құттықтады.

Құттықтау хатында былай делінген:

Құрметті Олег Николаевич!

Сізді 55 жылдық мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын!

Сіз көптеген жылдар бойы православиелік шіркеулік ән айту дәстүрлерін, рухани мәдениет пен адамгершілік құндылықтарды сақтауға және дамытуға елеулі үлес қосып келесіз. Қазақстан Митрополиттік округі хорының регенті ретіндегі көп жылғы еңбегіңіз, жоғары кәсіби шеберлігіңіз бен өз ісіңізге деген адалдығыңыз Қазақстанда және одан тыс жерлерде лайықты құрметке ие болды.

Сіздің жетекшілігіңізбен Қазақстан Митрополиттік округінің хоры халықаралық деңгейде кеңінен танылып, беделді байқаулардың лауреаты атанды және Қазақстанның хор өнерін халықаралық сахнада лайықты таныстырып келеді.

Еңбегіңізге берілген жоғары бағаның бірі – биыл Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен мәдениет саласындағы елеулі жетістіктеріңіз және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегіңіз үшін «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағының берілуі болды.

Сізге шын жүректен зор денсаулық, бақ-береке, сарқылмас күш-қуат, жаңа шығармашылық жетістіктер мен алдағы уақытта да толағай табыстар тілеймін.

Сіздің мол кәсіби тәжірибеңіз бен таңдаған ісіңізге деген адалдығыңыз рухани мұраны сақтауға және мәдениетті дамытуға бұдан әрі де қызмет етіп, жаңа жасампаз жетістіктерге шабыттандырсын.

Құрметпен,

А. Балаева

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді