2026 жылғы 27 қыркүйекте Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен «Інжіл тағылымы» атты онлайн-викторинасы өтті.
Астана епархиясының ағартушылық қызмет жөніндегі комиссиясы ұйымдастырған іс-шараға қатысқандар: Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және Латвия елдерінен жексенбілік мектептердің тәрбиеленушілері, жастар клубтарының өкілдері, сондай-ақ зайырлы білім беру және мәдениет мекемелерінің оқушылары.
Зияткерлік сайыс екі топ бойынша өтті: жексенбілік мектептер және жастар клубтары. Барлығы интернет-карусельге 21 команда қатысты (4 приходтық жастар клубынан және 17 жексенбілік, жалпы білім беретін мектептер мен лицейлерден).
Викторинаның сұрақтарына Інжіл тарихына қатысты тапсырмалар енгізілді. 4 қазанда атап өтілетін Дүниежүзілік жануарлар күніне орай сайыстың бірнеше тапсырмасы жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлемі туралы білімді тексеруге арналды.
Зияткерлік сайыстың қорытындысы бойынша төмендегі ұжымдар жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды.
«Жексенбілік мектептер» тобы
I орын
-
«Радость моя» (Саровтық қасиетті Серафим шіркеуі, Байкент ауылы, Алматы облысы, Қазақстан)
-
«Кристалл» (Әулие Владимир шіркеуі, Ақтөбе қаласы, Қазақстан)
-
«Лучики» (Әулие Николай шіркеуі, Тоншаево кенті, Нижегород облысы, Ресей)
-
«Радость веры» (Севастиан-Магдалин шіркеуі, Петропавл қаласы, Қазақстан)
-
«Благовест» (Благовещенск кафедралды соборы, Павлодар қаласы, Қазақстан)
II орын
-
«Веселый паровозик» (Владимир шіркеуі, Шымалған станциясы, Алматы облысы, Қазақстан)
-
«Маранафа» (Әулие сенімді кнәз Александр Невский шіркеуі, Ертіс ауылы, Павлодар облысы, Қазақстан)
-
«Чистые сердцем» (Ташкент қаласы, Өзбекстан)
-
«Новое поколение» (Вознесенский кафедралды соборы, Петропавл қаласы, Қазақстан)
-
«Путеводная звезда» (Петропавл соборы, Петропавл қаласы, Қазақстан)
-
«Отроки» (Рождество Богородицы кафедралды соборы, Резекне қаласы, Латвия)
-
«Вера, Надежда, Любовь» (Иверск-Серафим соборы, Екібастұз қаласы, Қазақстан)
III орын
-
«Радонеж» (Бүкіл әулиелер шіркеуі, Петропавл қаласы, Қазақстан)
-
«Малый Радонеж» (Бүкіл әулиелер шіркеуі, Петропавл қаласы, Қазақстан)
-
«Пересвет» (жексенбілік мектептердің құрама командасы, Брянск қаласы, Ресей)
-
«Школа Никольского собора» (Әулие Николай соборы, Вятские Поляны қаласы, Киров облысы, Ресей)
-
«Юные новоишимцы» (Әулие Николай шіркеуі, Новоишимское ауылы, Солтүстік Қазақстан облысы)
-
«Жастар клубтары» тобы
I орын
-
«Скиф» (Иверск-Серафимовский соборы, Екібастұз қаласы, Қазақстан)
-
«Никто, кроме нас» (Қасиетті шейіттер Флор мен Лавр шіркеуі, Тула қаласы, Ресей)
II орын
-
«Агапэ» (Михаил-Архангелскрй шіркеуі, Павлодар қаласы, Қазақстан)
-
«Путеводная звезда» (Петропавл соборы, Петропавл қаласы, Қазақстан)
Келесі «Афонның қасиетті тауы» атты шағын интернет-карусель 2026 жылғы 1 қарашада өтеді.
Зияткерлік сайыстың сұрақтары «Православиелік интернет-карусель» сайтында қолжетімді.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр