ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
28.09.2026, 13:00

Тримифунтск әулиесі Спиридонның қасиетті жәдігерлерінің Астанадағы сапары аяқталды. Қасиетті жәдігерге 16 мыңнан астам адам тағзым етті

Тримифунтск әулиесі Спиридонның қасиетті жәдігерлерінің Астанадағы сапары аяқталды. Қасиетті жәдігерге 16 мыңнан астам адам тағзым етті

28 қыркүйек 2026 жыл. Астана. Тримифунтск епископы, әулие әрі ғажайып жасаушы Спиридонның қасиетті жәдігерлерінің Қазақстан астанасында сапары аяқталды.

21 қыркүйек пен 10 қазан аралығында Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кириллдің батасымен Қазақстан Митрополиттік округіне бүкіл әлемдегі миллиондаған православие діндарлары қастерлейтін ұлы қасиетті жәдігер – әулие Спиридонның қасиетті жәдігері жеткізілуде. Тримифунтск ғажайып жасаушысының қасиетті жәдігерін Қазақстанға әкелу «Eleos-Meirim» қоғамдық қорының президенті В.М. Капсамунның басшылығымен көрсеткен қолдауының арқасында жүзеге асырылуда.

26 қыркүйекте Тримифунтск иерархының қасиетті жәдігерлері Успен кафедралды соборына жеткізіліп, онда мерекелік құлшылықты Астана және Қазақстан митрополиті Александр басқарды.

Сол күні Митрополиттік округ басшысы, иерархтар және әулие Спиридонның қасиетті жәдігерлерін алып жүрген Элладалық Православие шіркеуінің Керкира митрополиясының өкілдері Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі Р.А. Алимен кездесті.

Сондай-ақ елордаға сапары барысында митрополит еліміздің басты храмында Иеміздің Қасиетті және Өмір Беруші Крестін бүкіләлемдік ұлықтау мерекесіне арналған құлшылықтарды атқарды; Астана қаласының әкімі Ж.К. Қасымбекпен кездесті және Қазақстан жерінде жарқыраған барлық әулиелердің құрметіне арналған шіркеудің күмбезін қасиетті ету рәсімін өткізді.

28 қыркүйекте күннің бірінші жартысында қорытынды дұғадан кейін православие дінінің ұлы қасиетті жәдігері елордадан шығарылды.

Әулие Спиридонның қасиетті жәдігерлеріне тағзым ету сапарындс алып жүргендер: Астана және Қазақстан митрополиті Александр; Митрополиттік округ Басшысының әкімшілік хатшылығының жетекшісі иерей Георгий Сидоров және митрополиттің хаттама қызметінің жетекшісі протодиакон Роман Головин; протопресвитерлер Эвангелос Кутрас пен Фома Костамонитистің басшылығындағы Керкира митрополиясының өкілдері.

Қазақстан астанасында Мәсіхтің ұлы әулиесінің қасиетті жәдігеріне 16 мыңнан астам адам тағзым етті.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді