ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
29.09.2026, 10:00

Алматыдағы Владимир храмында жаңадан табылған қасиетті жәдігер – «Пошехон Кресті» қарсы алынды. Рухани салтанатты Каскелең епископы Геннадий басқарды

Алматыдағы Владимир храмында жаңадан табылған қасиетті жәдігер – «Пошехон Кресті» қарсы алынды. Рухани салтанатты Каскелең епископы Геннадий басқарды

2026 жылғы 27 қыркүйекте, Жаратушы Иенің Өмір сыйлаушы Крестін ұлықтау он екі ұлы мерекесі күні, Митрополиттік округтің басқарма ісінің жетекшісі, Каскелең епископы Геннадий Алматы қаласындағы Кнәз-Владимир храмында Құдайлық Литургияны өткізді.

Жоғары Мәртебеліге қызмет еткендер:  Владимир храмының кілтшісі иеромонах Сергий (Внуковский), Владимир шіркеуінің дін қызметкерлері иерей Роман Кравченко және диакон Макарий Белицкий.

Литургиялық әндерді Владимир храмының хоры орындады.

Құлшылықта дұға еткендер: приходтың бас ктиторы С.В. Киселев, қайырымдылық жасаушылар мен храм прихожандары, сондай-ақ Алматы қаласының православие дінін ұстанушы тұрғындары.

Литургия аяқталғаннан кейін көптеген діндарлардың қатысуымен жаңадан табылған храмдық қасиетті жәдігер — «Пошехон Крестін» қарсы алу рәсімі өтті. Крестте Құдайдың қасиетті әулиелерінің құрметті жәдігерлерінің бөлшектері бар.

Кресті ұлықтау тропарі мен ұлықтау әні шырқалған кезде епископ Геннадий дін қызметкерлерімен бірге қасиетті жәдігерді храм ішіне алып кірді.

Құлшылық соңында иерарх діндарларға уағыз айтты.

Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың өтініші бойынша крест приходтың ктиторы С.В. Киселев арқылы Владимир храмына Алматы епархиясының діндарларының мінажат етіп тағзым етуі және рухани қолдау алуы үшін табысталды.

Қасиетті жәдігердің ішіне мына әулиелердің қасиетті жәдігерлерінің бөлшектері салынған: қасиетті бірінші шақырылған апостол Андрей, әулие әрі керемет жасаушы Николай, Мира Ликия архиепископы; Илиопольдік ұлы шейіт Варвара; Мәскеу және бүкіл Русь митрополиті әулие Алексий; ізгі князь Угличтік Роман; преподобный Нил Столобенский.

Крест 1791 жылы Ярославль қаласында күміс шебері А.Ф. Тукалов тарапынан жасалған. Крестің ішіндегі салым жазуында: «Осы Өмір сыйлаушы Крест қасиетті жәдігерлерімен бірге Пошехоньедегі, Белосельск болысындағы Пятницкая шіркеуіне шіркеуге деген ықыласымен және мәңгілік естелік үшін прихожан әрі помещица Матрена Муратова тарапынан сыйға тартылды», — деп жазылған.

1917 жылғы революциядан кейін қасиетті жәдігер эмигранттар тарапынан шетелге әкетіліп, осы жылға дейін сонда сақталған.

Қасиетті сый Владимир шіркеуінде храмның басты қасиетті жәдігері — Тихвин Құдай Анасының иконасының жанында орналасады.

Мерекелік құлшылықтың бейнетүсірілімін Қазақстан Митрополиялық округінің «Семиречье» телестудиясы (директоры — Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері В.Л. Посаднева) жүзеге асырды. Бейнематериалдар «Семиречье» YouTube арнасында жарияланды.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді