ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу және мемлекет
29.09.2026, 14:00

Алматы қаласының әкімі Д.А. Сатыбалды Митрополиттңк округ хорының регенті О.Н. Овчинниковты құттықтады

Алматы қаласының әкімі Д.А. Сатыбалды Митрополиттңк округ хорының регенті О.Н. Овчинниковты құттықтады

2026 жылғы 28 қыркүйекте Қазақстан Православие Шіркеуінің хатшысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері О.Н. Овчинниковтың туғанына 55 жыл толды.

Олег Николаевичті Алматы қаласының әкімі Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды құттықтады:

Қазақстан Митрополиттік округінің хатшысы,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,

Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайраткері

О.Н. Овчинниковке

Құрметті Олег Николаевич!

Сізді өміріңіздегі айтулы дата — туғаныңызға 55 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын!

Қазақстан Митрополиттік округінің хорын басқара отырып, Сіз еліміздің мәдени өмірінің дамуына елеулі үлес қосып келесіз. Көп жылғы еңбегіңіздің арқасында рухани дәстүрлер сақталып, тыңдармандар классикалық және халықтық музыка өнерінің бай мұрасымен танысуда.

Сіздің жетекшілігіңізбен хор Қазақстанның рухани қасиетті орындарының бірі әрі тарих және мәдениет ескерткіші болып саналатын Алматы қаласындағы Вознесенск кафедралды соборында өз қызметін атқарып келеді. Хордың орындауындағы шығармалар православие дінін ұстанушылардың ғана емес, хор өнерін бағалайтын көптеген тыңдарманның да көңілінен шығуда.

Ұжым репертуарында қазақстандық композиторлардың шығармаларының болуы да ерекше мәнге ие. Қазақстандағы және шетелдердегі концерттік алаңдарда өнер көрсете отырып, Сіз қалың көрерменді отандық музыкалық мәдениеттің байлығы мен өзіндік ерекшелігімен таныстырып келесіз.

Сіздің көп жылғы еңбегіңіз мемлекеттік және қоғамдық марапаттармен, сондай-ақ «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен лайықты бағаланды.

Сізге зор денсаулық, амандық-саулық, жаңа шығармашылық жетістіктер және қызметіңізге толағай табыс тілеймін.

Құрметпен,

Алматы қаласының әкімі

Д.А. Сатыбалды

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді