ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
30.09.2026, 12:00

Қасиетті шейіттер Вера, Надежда, Любовь және олардың анасы Софияны еске алу күні. Митрополиттік округтің Басшысы Петропавл қаласының басты шіркеуінде Литургияны өткізді

Қасиетті шейіттер Вера, Надежда, Любовь және олардың анасы Софияны еске алу күні. Митрополиттік округтің Басшысы Петропавл қаласының басты шіркеуінде Литургияны өткізді

2026 жылғы 30 қыркүйек – Иеміздің Қасиетті әрі Өмір Беруші Кресін ұлықтау мерекесінен кейінгі күн, қасиетті шейіттер Вера, Надежда, Любовь және олардың анасы Софияны еске алу күні – Алматы қаласы мен Жетісудың көктегі қамқоршыларының мерекесі.

Астана және Қазақстан митрополиті Александр Петропавл қаласындағы Вознесенский кафедралды соборында Құдайлық Литургияны басқарды.

Митрополиттіе округтің Басшысына қызмет еткендер: Петропавл және Булаево архиепископы Владимир; Астана епархиясының викарийі, Талдықорған епископы Клавдиан; Элладалық Православие шіркеуінің протопресвитері Эвангелос Кутрас; Петропавл-Булаево епархиясының хатшысы протоиерей Сергий Первушин; Бескөл шіркеу округінің благочинныйы протоиерей Димитрий Жульсарин; Митрополиттік округ Басшысының әкімшілік хатшылығының жетекшісі иерей Георгий Сидоров; Чистополье ауылының Қазан шіркеуінің басқарушысы иерей Александр Дениченко; Петропавл қаласындағы Всехсвятск шіркеуінің кілтшісі иерей Антоний Шувакин; Бескөл ауылының Құдай Анасының Покров шіркеуінің басқарушысы иерей Антоний Чуриков; митрополиттің хаттама қызметінің жетекшісі протодиакон Роман Головин, протодиакон Владимир Сыровацкий, протодиакон Александр Мокий, диакон Владимир Бартоль, диакон Алексий Александрович.

Құлшылық кезінде дұға еткендер: Петропавл епархиясының меценаты Е.С. Махиня, Элладалық Православие Шіркеуінің Керкира митрополиясы делегациясының өкілдері, собор прихожандары және Православиенің ұлы қасиетті жәдігеріне тағзым ету үшін құлшылыққа келген жақын елді мекендерден келген православиелік қажылар

Діндарлардың дұға етіп, тағзым етуі үшін ғибадатхананың ортасына Иеміздің Кресі және Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кириллдің батасымен әрі «Eleos-Meirim» қоғамдық қорының қолдауымен Қазақстанға әкелінген Тримифунт ғажайып жасаушысы әулие Спиридонның қасиетті жәдігері салынған реликварий қойылды.

Құлшылық кезінде кафедралдық собордың хоры А.А. Затайдың жетекшілігімен әндерді орындады.

Қасиетиі өлеңнен кнйін өсиет сөзді иерей Георгий Сидоров айтты.

Литургия Иеміздің Қасиетті әрі Өмір Беруші Кресіне және әулие Спиридонға мадақтау рәсімімен аяқталды. Архипастырлар мен дін қызметкерлері Тримифунттық ғажайып жасаушыға дұға бағыштады.

Ресей Православие Шіркеуінің Басшысы, Мәскеу және бүкіл Русьтің Қасиетті Патриархы Кириллге; Қазақстан Митрополиттік округінің Басшысы мен мәртебелі архипастырларына; ел Президенті Қ.-Ж. К. Тоқаевқа; Қазақстанның билігіне, әскеріне және барша халқына көпжасарлық дұғасы айтылды.

Митрополит Александр архипастырларға, бірге қызмет еткен дін қызметкерлеріне және миряндарға бірлескен дұғалары үшін алғысын білдіріп, уағыз айтты. Одан кейін дұға етіп тұрған қауымға қасиетті су септі.

Құлшылық аяқталғаннан кейін діндарлардың әулие Спиридонның шірімеген оң қолының қасиетті жәдігеріне тағзым етуі жалғасты.

«Христиандық басты ізгілері – Вера, Надежда және Любовь есімдерін иеленген қасиетті бойжеткендер өздерінің тақуа анасы Софиямен бірге біздің дәуіріміздің 137 жылы Рим императоры Адрианның билігі тұсында Мәсіх үшін азап шекті. Төртеуі де пұтқа табынушы билеушінің алдына келіп, адам кейпіне енген, өлімнен қайта тірілген және Өзіне сенетіндердің барлығына мәңгілік өмір сыйлайтын шынайы Құдайға деген сенімдерін еш қорықпастан мойындады. Сарай философтарының ешқандай уәжі мен пұтқа табынушы данышпандардың шешендігі христиан жүректерінің жалынды сенімін әлсірете алмады. Сонда ашуға булыққан Адриан балаларды анасының көз алдында түрлі азаптарға салуды бұйырды. Әулие София тән азабына ұшыратылмады, бірақ балалардың қинауын көруге мәжбүр етіліп, ауыр жан азабына душар болды. Ол қыздарының қасиетті сүйектерін жерлеп, екі күннен кейін олардың қабірінің басында жанын Құдайға тапсырды.

Православие дәстүрінде тақуа бойжеткендер мен олардың дана анасының азап шегуі туралы хикаяға ерекше мән беріледі. Өйткені Мәсіхтің шіркеуі өз сенімі үшін жас балалардың саналы түрде азапқа барғаны туралы мұндай оқиғалардың өте аз екенін біледі. Біз ежелгі хикаяларды немесе ХХ ғасырдағы куәліктерді толқыныспен оқимыз: пұтқа табынушыларға немесе құдайсыз қуғыншыларға қарсы ересек христиан батылдықпен шыққанда, оның табандылығы мен ерлігіне таңғаламыз. Ал бүгін біздің рухани көз алдымызда бұдан да теңдессіз ерлік көрінеді – 9, 10 және 12 жастағы бойжеткендер Мәсіх үшін өз өмірлерін қияды. Олар не болып жатқанын толық түсіне отырып, азапқа барады, императордың айлакер үгіттері мен уәделерін батыл түрде қабылдамайды. Олардың батылдығының сыры неде? Әулиелердің өмірбаянында бойжеткендердің анасы София-Даналық оларды сәби кезінен өздері атын иеленген басты Інжіл ізгіліктеріне тәрбиелегені баяндалады. Құдайға деген берік сенім, Жаратқан Иеге деген мызғымас үміт және Оған деген жалынды махаббат олардың санасын нұрландырып, ерік-жігерін нығайтты. Бүгінде құрметтеліп отырған шейіттер өздерінің ерлігімен Құдайдың рақымымен нығайтылған адамдар үшін тән күшінің аздығы, табиғаттың әлсіздігі немесе жас ерекшелігі рухтың беріктігін, ізгілікті өмірдегі табандылықты танытуға және христиандық сенімге куәлік етуге кедергі бола алмайтынын әрі болмауы керектігін анық көрсетеді.

Қасиетті шейіттер Вера, Надежда, Любовь және олардың анасы Софияның дұғалары арқылы Жаратқан Ие бізге Інжіл өсиеттеріне негізделген өмірді сөзбен емес, іспен жүргізуді нәсіп етсін. Баршамызға сенімнің қуаты мен үміттің беріктігін, ал ең бастысы – Құдайға және жақынға деген сүйіспеншіліктің күшін сыйласын. Бүгін біз қасиетті шейіттердің құрметіне аталған жандарға ерекше құттықтау сөздерімізді жолдаймыз. Бүгін біз олардың қасиетті жадын жарқын түрде атап өтудеміз». Митрополит Александрдың уағызынан.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді