ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
01.10.2026, 09:00

Тримифунт әулиесі Спиридонның қасиетті жәдігерлері Қостанайға жеткізілді

Тримифунт әулиесі Спиридонның қасиетті жәдігерлері Қостанайға жеткізілді

30 қыркүйек 2026 жыл.Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кириллдің батасымен Қазақстан аумағында болып жатқан Тримифунт әулиесі Спиридонның қасиетті жәдігерлері Қостанай қаласына жеткізілді.

Әлемге әйгілі қасиетті жәдігерді Қазақстан бойынша сапарында Қазақстан Православие Щіркеуінің Басшысы, Астана және Қазақстан митрополит Александр алып жүр. Иерархпен бірге сапарға Астана епархиясының викарийі, Талдықорған епископы Клавдиан; Митрополиттік округ Басшысының әкімшілік хатшылығының жетекшісі иерей Георгий Сидоров және митрополиттің хаттама қызметінің жетекшісі протодиакон Роман Головин; протопресвитер Эвангелос Кутрас пен Фома Костамонитис бастаған Керкира митрополиясының өкілдері қатысты.

Керкира ғажайып жасаушысының қасиетті жәдігерлерін Митрополиттік округ аумағына әкелу «Eleos-Meirim» қоғамдық қорының қолдауымен ұйымдастырылды.

Әуежайда қасиетті жәдігерді Қостанай епархиясының хатшысы иеромонах Геннадий (Бурдюжа) және Қостанай облысы әкімдігінің дін істері басқармасының басшысы Б.С. Бөкеев қарсы алды.

Әуежайдан әулие Спиридонның қасиетті жәдігерлері салынған сандық теңдес елшілер император Константин мен патшайым Еленаға арналған кафедралды соборға жеткізілді.

Құдайдың әулиесіне арналған тропарь мен ұлықтау әні орындалған кезде қасиетті жәдігер Константино-Еленинск соборының ішіне әкелініп, храмның ортасына орналастырылды. Осыдан кейін митрополит Александр епархияның дін қызметкерлерімен бірге дұға жасадв.

Құлшылық соңында митрополит қасиетті жәдігерлер салынған сандықпен төрт тарапқа қарап бата беріп, жиналғандарға, қалаға және оның тұрғындарына батасын жеткізді. Сондай-ақ жиналған қауымға құттықтау сөзін арнады.

Осыдан кейін жамағат пен қажылардың қасиетті жәдігерге тағзым етуі басталды.

Әулие Спиридонның қасиетті жәдігерлері Қостанайда 2 қазан күндізге дейін болады.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді