ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
02.10.2026, 18:00

Тримифунт әулиесі Спиридонның Қостанай епархиясына сапары аяқталды. Қасиетті жәдігерге 19 мыңнан астам адам тағзым етті

Тримифунт әулиесі Спиридонның Қостанай епархиясына сапары аяқталды. Қасиетті жәдігерге 19 мыңнан астам адам тағзым етті

2 қазан 2026 жыл. Әулие әрі ғажайып жасаушы, Тримифунт епископы Спиридонның қасиетті жәдігерлерінің Қостанай епархиясына сапары аяқталды.

Қазақстан Православие Митрополиттік округінің аумағына Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кириллдің батасымен әкелінген қасиетті жәдігер Қостанай қаласындағы Константино-Еленинмк кафедралды соборында болды.

Тримифунт архипастырының қасиетті жәдігерінің әкелінуін «Eleos-Meirim» қоғамдық қоры ұйымдастырды.

Қасиетті жәдігерлердің Қазақстан бойынша сапарында бірге алып жүргендер: Астана және Қазақстан митрополиті Александр, Астана епархиясының викарийі, Талдықорған епископы Клавдиан, Элладаның Православие Шіркеуінің Керкира митрополиясының діни қызметкерлері және Алматы қаласындағы шіркеулердің дін қызметкерлері.

Қостанайға сапары барысында Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы қаланың басты храмында әулие Спиридонның жәдігерлерінің өңірге әкелінуіне орай салтанатты құлшылықтарды атқарды; Құдай Анасының «Нан өсімінің жәрдемшісі» иконасының құрметіне шіркеу іргетасын қалау рәсіміне батасын берді; сондай-ақ Қостанай облысының Владимировка ауылында жаңадан салынған әулие Николай Ғажайып жасаушының құрметіне арналған шағын шіркеуді кіші қасиетті ету рәсімін жасады.

2 қазанда Митрополиттік округ Басшысы мен әулие Спиридонның жәдігерлерін алып жүрген Элладаның Православие Шіркеуінің Керкира митрополиясы өкілдерінің Қостанай облысының әкімі Қ.И. Ақсақаловпен кездесуі өтті.

Түстен кейін Константино-Еленинск кафедралды соборында қорытынды дұға ету рәсімі өтті. Рәсім аяқталған соң протопресвитер Эвангелос Кутрас Қостанай қаласының тумасы А.В. Кармаковтың атынан Қостанай епархиясына сыйлық — Тримифунт иерархының қабірінен алынған жабынның бір бөлігі салынған ағаш сандықты табыстады. Митрополиттік округ Басшысы қасиетті жәдігерді грек дін қызметкерінің қолынан ризашылықпен қабылдап, онымен жиналған діндарларға бата беріп, Қазақстан жеріне Құдайдың құтқарушы рақымын тіледі.

Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың өтініші бойынша және Керкира, Пакси және Диапонтия аралдарының митрополиті Нектарийдің ізгі келісімімен қасиетті жәдігер салынған сандықты Қостанайға протопресвитерлер Эвангелос Кутрас пен Фома Костамонитис бастаған, Керкира митрополиясының дін қызметкерлерінен құралған Элладаның Православие шіркеуінің делегациясы жеткізді. Делегация құрамында Керкира митрополиясы басшысының көмекшілері Павел Спиридонис пен Спиридон Агафос та болды.

Митрополиттік округ Басшысы Қостанай облысының орталығына бірегей қасиетті жәдігердің келуімен дін қызметкерлері мен діндарларды құттықтап, насихат сөзін айтты.

Тримифунтск әулиесі Спиридонның қабірінен алынған жабынның бір бөлігі салынған сандық Константин-Еленин кафедралды соборында сақталады. Мұнда барлық тілек білдірушілер қасиетті жәдігер алдында дұға ете алады.

Дұға ету рәсімі аяқталғаннан кейін Тримифунт иерархының қасиетті жәдігерлері Қостанайдан шығып, Қазақстан Республикасының Оңтүстік астанасы — Алматы қаласына жол тартты.

Қостанай епархиясында ұлы Құдайдың құлы — әулие Спиридонның қасиетті жәдігерлеріне 19 мыңнан астам адам тағзым етті. Дін қызметкерлері үздіксіз дұға ету рәсімдерін өткізді. Ал «Eleos-Meirim» қоғамдық қорының қолдауымен зиярат етушілерге ақпараттық брошюралар мен қасиетті жәдігерлерге тигізіліп, қасиеттелген иконкалар таратылды.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді