2026 жылғы 3 қазан – Иеміздің Крестін ұлықтау мерекесінен кейінгі күн; әулие, тақуа князь Олег Брянскийді және қасиетті князь Михаил Черниговскийді еске алу күні.
Қазақстанның Оңтүстік астанасы – Алматы қаласында Тримифунтск әулиесі Спиридон қасиетті жәдігерлерінің әкелінуіне арналған салтанатты шаралар өтті.
Мерекелік Құдайлық Оитургия Иверско-Серафимовск әйелдер монастырінің София соборында өтті. 2 қазан күні кештен бері осы соборда Тримифунт архипастырының ғажайып қасиетті жәдігерлері салынған сандықша сақталуда. Православие әлемінің ұлы қасиетті жәдігері Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кириллдің батасымен 21 қыркүйектен бастап Қазақстанда сапары жалғасуда.
Литургияны Қазақстан Православие Шіркеуінің басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александр басқарды.
Қазақстан Митрополиттік округінің Басшысына қызмет еткендер: Митрополиттік округтің іс басқарушысы, Қаскелең епископы Геннадий; Ақтөбе және Қызылорда епископы Игнатий; Астана епархиясының викарийі, Талдықорған епископы Клавдиан; Астана епархиясының викарийі, Талғар епископы Вениамин; Алматы храмдарының құрметі өкілі, әулие Николай соборының басқарушысы протоиерей Валерий Захаров; архимандрит Геронтий (Борисевич); Алматыдағы Құдай Анасының «Қайғыға батқандардың бәрін қуантушы» иконасы құрметіне арналған храмның басқарушысы протоиерей Евгений Воробьев; әулиелерді заңдастыру жөніндегі епархиялық бөлімнің басшысы архимандрит Иосиф (Еременко); Іле шіркеу округінің құрметті өкілі протоиерей Александр Зырянов; Вознесенск кафедралды соборының кілтшісі, Митрополиттік округтің қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы протоиерей Александр Суворов; София соборының кілтаршысы протоиерей Александр Соколов; Митрополиттік округ басшысының жеке хатшысы иеромонах Димитрий (Байдек); Алматы епархиясы храмдарының басқарушылары мен дін қызметкерлері, сондай-ақ діни қызметтегі Митрополиттік округ бөлімдерінің басшылары. Диакондар қатарын митрополит хаттамасының жетекшісі, протодиакон Роман Головин басқарды.
Құдайға құлшылық кезінде дұға еткендер: Қазақстан Митрополиттік округінің хатшысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайраткері О.Н. Овчинников; Элладалық Православие Шіркеуінің Керкира митрополиясы делегациясының өкілдері; Алматыдағы Иверско-Серафимовск әйелдер монастырынің басқарушысы игумения Любовь (Якушкина) және монастырь әпкелері; «Eleos-Meirim» қоғамдық қорының президенті В.М. Капсамун; Алматы епархиялық басқармасының қызметкерлері; казактар; Алматы православие рухани семинариясының студенттері; епархия қайырымдылық жасаушылары.
Мерекелік шараға қатысып, Православие әлемінің ұлы қасиетті жәдігеріне тағзым етуге көптеген діндар жиналды.
Құлшылық кезіндегі әндерді София храмының хоры О. Усольцева басқаруымен орындады.
Қасиетті өлеңнен кейін Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың Тримифунтск әулиесі Спиридон қасиетті жәдігерлерінің Қазақстанға әкелінуіне орай жасаған Үндеуі оқылды.
Литургия Қасиетті және Өмір Беруші Крестке тағзым етумен, сондай-ақ әулие Спиридон мен әулие, тақуа князь Олег Брянскийді ұлықтаумен аяқталды.
Қазақстан Митрополиттік округінің Басшысы жиналған қауымға Тримифунт иерархының қасиетті жәдігерлері салынған сандықшамен батасын берді. Бұдан кейін ол архипастырларға, дін қызметкерлеріне және салтанатты шараларға қатысушылардың барлығына ортақ дұғалары үшін шын жүректен алғыс білдіріп, жиналған қауымды Православие әлемінің ұлы қасиетті жәдігерінің Алматыға әкелінуіне орай өткен салтанатты шаралармен құттықтады.
Әулие, тақуа кнәз Олег Брянскийді еске алу күні Қазақстан Митрополиттік округінің хатшысы Олег Николаевич Овчинников өзінің есім күнін атап өтуде. Ол – еңбек сіңірген өнер қайраткері, Митрополиялық хордың регенті, шіркеулік композитор.
Митрополит Александр маэстроны періште күнімен шын жүректен құттықтап, Олег Овчинниковке Жаратқан Иенің рақымын, рухани және тән күш-қуатының беріктігін, шығармашылық табыстарды, ұзақ ғұмыр және Мәсіх шіркеуінің игілігі жолындағы еңбегіне Құдайдың жәрдемін тіледі. Әмірші Олег Николаевичке қасиетті просфора мен гүл шоғын табыстады.
Протоиерей Валерий Захаров Алматы епархиясының дін қызметкерлері атынан Қазақстан Митрополиялық округінің хатшысын періште күнімен құттықтап, оған ұзақ ғұмыр тіледі.
Литургиядан кейін София соборында әулие Спиридонның ғажайып қасиетті жәдігерлері алдында дұға ету рәсімдері жалғасты.
Митрополит Александр Алматыдағы Тримифунт әулиесі Спиридонның қасиетті жәдігерлеріне тағзым ету жалғасып жатқан Иверско-Серафимов әйелдер монастырінің София соборында жексенбілік Литургияны өткізді
Толығырақ
Тримифунт әулиесі Спиридонның ғажайып қасиетті жәдігерлерінің әкелінуіне арналған салтанатты шаралар Алматыда өтті
Толығырақ
Астанада архимандрит Сергийдің (Карамышев) Рим-католик шіркеуінің Дінаралық диалог жөніндегі дикастериясының басшысы, кардинал Джордж Джейкоб Кувакадпен кездесуі өтті
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр