ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
04.10.2026, 14:00

Митрополит Александр Алматыдағы Тримифунт әулиесі Спиридонның қасиетті жәдігерлеріне тағзым ету жалғасып жатқан Иверско-Серафимов әйелдер монастырінің София соборында жексенбілік Литургияны өткізді

Митрополит Александр Алматыдағы Тримифунт әулиесі Спиридонның қасиетті жәдігерлеріне тағзым ету жалғасып жатқан Иверско-Серафимов әйелдер монастырінің София соборында жексенбілік Литургияны өткізді

2026 жылғы 4 қазан – Елуінші күн мерекесінен кейінгі 18-ші жексенбі, Крест көтерілгеннен кейінгі жексенбі; Иеміздің Өмір сыйлаушы Крестін ұлықтау мерекесінің аяқталу күні; Ростов митрополиті әулие Димитрийді еске алу күні.

Астана және Қазақстан митрополиті Александр Алматы қаласындағы Иверсео-Серафимов әйелдер монастырінің София соборында Құдайлық Литургияны өткізді. Қазіргі уақытта Қазақстанда Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Кириллдің батасымен әкелінген Тримифунт әулиесі Спиридонның ғажайып қасиетті жәдігерлеріне тағзым ету жалғасуда.

Архипастырға қызмет еткендер: Митрополиттік округтің басқарма ісінің жетекшісі, Қаскелең епископы Геннадий; Ақтөбе және Қызылорда епископы Игнатий; Астана епархиясының викарийі, Талдықорған епископы Клавдиан; Астана епархиясының викарийі, Талғар епископы Вениамин; Алматы храмдарының құрметті өкілі, әлие Николай соборының басқарушысы протоиерей Валерий Захаров; архимандрит Геронтий (Борисевич); Элладалық Православие Шіркеуінің Керкира митрополиясының дін қызметкерлері – протопресвитерлер Эвангелос Кутрас пен Фома Костамонитис; Алматы қаласындағы Құдай Анасының «Барша қайғы-қасірет шеккендерге қуаныш» иконасы құрметіне арналған храмның басқарушысы протоиерей Евгений Воробьев; епархияның әулиелерді заңдастыру жөніндегі бөлімінің жетекшісі архимандрит Иосиф (Еременко); Христорождественский соборының кілтшісі протоиерей Александр Гайченя; Богоявление храмының басқарушысы протоиерей Валерий Шаврин; Алматыдағы Петропавл храмының кілтшісі протоиерей Кирилл Шкляр; Іле шіркеу округінің құметті өкілі протоиерей Александр Зырянов; Митрополиттік округ басшысының жеке хатшысы иеромонах Димитрий (Байдек); қасиетті шейіттер әрі ақысыз қызмет еткен Косма мен Дамиан құрметіне арналған храмның басқарушысы иерей Андрей Шкляр; қала храмдарының дін қызметкерлері. Диакондар шеруін протодиакон Николай Гринкевич басқарды.

Литургиялық әндерді Митрополиттік округ хоры (регенті – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері О.Н. Овчинников, хормейстері – В. Дударева) және О. Усольцева жетекшілік ететін София соборының хоры орындады.

Храмда дұға еткендер: Алматыдағы Иверско-Серафимов әйелдер монастырінің бвсқарушысы игумения Любовь (Якушкина) және монастырь монахинялары; «Eleos-Meirim» қоғамдық қорының президенті В.М. Капсамун; Алматы епархиялық басқармасының қызметкерлері; казактар; Алматы православие рухани семинариясының студенттері; Тримифунт әулиесі Спиридонның шірімейтін қасиетті жәдігерлеріне тағзым етуге келген көптеген қажылар.

Қасиетті Құпияларға қатысу әні кезінде иеромонах Димитрий (Байдек) Тримифунт әулиесі Спиридонның қасиетті жәдігерлері салынған сандықтың Қазақстанға әкелінуіне орай Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың Үндеуін оқып берді.

Көптеген діндар қасиетті Христостың Құпияларына қатысты.

Құлшылық соңында Крест көтеру мерекесіне және Тримифунт ғажайып жасаушы әулиеге мадақтау рәсімі өтті. Архипастырлар мен дін қызметкерлері Христостың Қасиетті Крестіне тағзым етті. Осыдан кейін Өмір сыйлаушы Крест құрбандық орнына қайта енгізілді.

Қазақстан Митрополиялық округінің басшысы қвсиетті епископтарды, дін қызметкерлері мен діндарларды жексенбі күнімен және Құдайдың ұлы құлы Тримифунт әулиесі Спиридонның шірімейтін қасиетті жәдігерлері алдында бірге дұға ету қуанышымен құттықтап, уағыз айтты.

Керкира митрополиясының протопресвитері Эвангелос Кутрас митрополит Александрға және рухани салтанатқа қатысушыларға құттықтау сөзін айтып, ізгі тілектерін жеткізді. Дін қызметкері Қостанай епархиясының қайырымдылық жасаушыларының бірі А.В. Кармаков атынан әмірші әулие Спиридонның қабірінен алынған жабынның бір бөлігі салынған, оның қасиетті жәдігерлерін сақтауға арналған ағаш ковчегті табыс етті.

Әмірші жаңа табылған қасиетті жәдігерді ризашылықпен қабылдап, онымен діндарларға батасын берді және Тримифунт ғажайып жасаушы әулиенің Алматы қаласы мен бүкіл Қазақстан жеріне шапағатын тіледі.

София соборындағы құлшылық аяқталғаннан кейін Тримифунт әулиесі Спиридонның ғажайып қасиетті жәдігерлеріне зиярат ету жалғасты. Қазіргі уақытта қасиетті жәдігерге 25 000-нан астам адам тағзым етті.

Тримифунт әулиесі Спиридонның қасиетті жәдігерлері Алматыда 6 қазан күні кешке дейін болады.

Қасиетті жәдігерге тағзым етуге сағат 6:00-ден түнгі уақытқа дейін қолжетімділік ашық.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді