ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
06.10.2026, 18:00

Митрополит Александр Қазақстанға Тримифунтский әулиесі Спиридонның қасиетті жәдігерлерін әкелуге атсалысқан азаматтарды шіркеулік наградалармен марапаттады

Митрополит Александр Қазақстанға Тримифунтский әулиесі Спиридонның қасиетті жәдігерлерін әкелуге атсалысқан азаматтарды шіркеулік наградалармен марапаттады

6 қазан 2026 жыл. Алматы. Қазақстан Митрополиттік округінің митрополит Иосиф (Чернов) атындағы әкімшілік және рухани-мәдени орталығының камин залында Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың Қазақстанға Тримифунт әулиесі Спиридонның қасиетті жәдігерлерін жеткізген Элладалық Православие Шіркеуінің Керкира митрополиясы делегациясымен кездесуі өтті.

Қасиетті жәдігер Алматы епархиясының аумағына протопресвитер Эвангелос Кутрас, протопресвитер Фома Костамонитис, Павлос Спиридонис және Спиридон Агафос бастаған делегацияның сүйемелдеуімен жеткізілді.

Кездесуге қатысқандар: Қазақстан Митрополиттік округінің хатшысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайраткері О.Н. Овчинников; «Eleos-Meirim» қоғамдық қорының президенті В.М. Капсамун; Митрополиттік округ Басшысының жеке хатшысы иеромонах Димитрий (Байдек); митрополит хатшылығының басшысы иеромонах Прохор (Ендовицкий); Митрополиялық округ басшысының әкімшілік хатшылығының жетекшісі иерей Георгий Сидоров; протокол қызметінің жетекшісі протодиакон Роман Головин.

Митрополит Александр грек делегациясының өкілдеріне Тримифунт иерархының қасиетті жәдігерлерін Қазақстан Митрополиттік округінің аумағына әкелуді ұйымдастыруға көрсеткен көмегі және осы іске белсенді жеке қатысқаны үшін жылы лебізін білдіріп, Керкира, Пакси және Диапонт аралдарының митрополиті Нектарийге алғысын жеткізуді сұрады.

Керкира митрополиясының дін қызметкерлері архипастырьмен әңгіме барысында Вознесенский кафедралды соборы мен Оңтүстік астанадағы  әулие Николай шіркеуіне жасаған сапарларынан алған жақсы әсерлерімен бөлісті. Иерарх қонақтарға Алматының басты храмында 2017–2020 жылдары жүргізілген ауқымды кәсіби реставрация жұмыстарының барысы туралы айтып берді. Барлық жұмыстардың Қазақстан Республикасының мәдениет министрлігі мен ЮНЕСКО бақылауымен, сондай-ақ Қазақстан, Ресей, Сербия, Италия, Германия және Франциядан келген жоғары білікті мамандардың қатысуымен жүзеге асырылғаны атап өтілді. Иерарх бұл ауқымды жобаны Мемлекет басшысы Қ.-Ж. Тоқаев «жалпықазақстандық қасиетті орынның екінші рет дүниеге келуі» деп атағанын атап өтті.

Кездесу барысында Митрополиттік округ Басшысы грек делегациясының өкілдерін Қазақстан Православие Шіркеуінің жоғары наградасы – «Ынталы Қызмет Үшiн» орденімен марапаттады.

Оның Жоғары мәртебесі марапат иелеріне жауапты қызметтерін атқаруда Жаратқан Иенің рақымды көмегін және зор денсаулық тіледі.

Кездесуге қатысушылар жоғары шіркеулік наградалар үшін митрополитке ризашылықтарын білдіріп, қасиетті жәдігерді әкелу аясында өткен құлшылықтардың рухани көркемдігі мен салтанаттылығын, сондай-ақ ұйымдастырылған іс-шаралардың жоғары деңгейде өткенін атап өтті.

Жақсы әрі жылы атмосферада өткен кездесудің соңында архипастырь қонақтарға естелік сыйлықтар, Қазақстан Православие Шіркеуінің 2027 жылға арналған күнтізбелерін және 2012 жылы Тримифунт әулиесі Спиридонның қасиетті жәдігерлерінің Митрополиттік округ аумағына әкелінуіне орай жарық көрген фотоальбомды табыс етті.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді