2026 жылғы 7 қазан – Икониялық, Селевкиялық қасиетті алғашқы азап шегуші, тең дәрежелі елшілер Фекланы еске алу күні.
Астана және Қазақстан митрополиті Александр Тримифунт әулиесі Спиридонның оң қолы салынған қасиетті жәдігерлер салынған кеме жеткізілген Байқоңыр қаласындағы Ұлы шейіт Георгиев храмында Құдайлық Литургияны өткізді.
Қасиетті жәдігерді Қазақстанға әкелуді «Eleos-Meirim» қоғамдық қоры (президенті – В.М. Капсамун) ұйымдастырды.
Митрополиттік округ Басшысына қызмет еткендер: Ақтөбе және Қызылорда епископы Игнатий; Астана епархиясының викарийі, Талдықорған епископы Клавдиан; Қызылорда қаласындағы Қазан Құдай Анасы иконасы храмының басқарушысы протоиерей Виталий Ивашинин; Митрополиттік округ Басшысының әкімшілік хатшылығының жетекшісі иерей Георгий Сидоров; Ақтөбе шіркеу округінің құрметті өкіл м.а., Құдайдың Архистратигі Михаил құрметіне арналған храмның басқарушысы иеромонах Киприан (Дахно); Байқоңыр қаласындағы Ұлы шейіт Георгий құрметіне арналған храм басқарушысы м.а. иерей Даниил Ивашинин; Қызылорда қаласындағы Қазан Құдай Анасы иконасы храмының клиригі иерей Серафим Ивашинин; Астана қаласындағы Сергий храмының клиригі иерей Андрей Ивашинин; Ақтөбе епархиясының хатшысы иерей Борис Фатеев; митрополиттің протокол қызметінің жетекшісі протодиакон Роман Головин, протодиакон Владимир Сыровацкий, протодиакон Александр Мокий және диакон Михаил Харченко.
Құлшылықта дұға еткендер: Қазақстан Митрополиттік округінің хатшысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайраткері О.Н. Овчинников; «Eleos-Meirim» қоғамдық қорының президенті В.М. Капсамун; Элладаның Православие Шіркеуінің Керкира митрополиясы делегациясының өкілдері; Байқоңыр қаласының және жақын маңдағы елді мекендердің көптеген тұрғындары.
Мерекелік шараның қонақтары қатарында болғандар: Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы К.Д. Бусыгин және Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнайы өкілі Қ.Ы. Нұртай.
Алматы епархиясының диакон Макарий Белицкий жетекшілік ететін ерлер хоры ән шырқады.
Қасиетті өлеңнен кейін иеромонах Киприан (Дахно) Қазақстанға Тримифунт әулиесі Спиридонның қасиетті жәдігерлерінің әкелінуіне байланысты митрополиттің үндеуін оқып берді.
Литургия Тримифунт епископы әулие Спиридонның қасиетті жәдігерлері салынған кеменің алдында даңқтау дұғасын орындаумен аяқталды.
Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы жиналған қауымды ұлы қасиетті жәдігердің әкелінуімен құттықтап, уағыз айтты.
Жоғары мәртебелі митрополит құлшылық етіп тұрған жамағатқа қасиетті су септі.
Ұлы шейіт әрі Жеңімпаз Георгий храмында Тримифунт иерархының қасиетті жәдігерлері салынған сандық алдында Мәсіх әулиесі Спиридонға арналған акафистпен құлшылықтар үздіксіз өткізіліп тұрады.
Құлшылық аяқталғаннан кейін Митрополиттік округ Басшысы Ақтөбе және Қызылорда епископы Игнатийдің архиерейлік ауласы болып табылатын «Өртке оранбайтын бұта» Құдай Анасы иконасы құрметіне арналған храмда болды.
Епархияны басқарушының батасымен бір жылға жетер-жетпес уақыт бұрын храм жанынан төрт адамнан тұратын әйелдер монастырлық қауымы құрылған болатын. Қауымның үлкен әпкесі болып монахиня Иоанна (Периастрова) тағайындалды.
Митрополит келгеннен кейін Құдай Анасының «Өртке оранбайтын бұта» иконасы құрметіне арналған храмда Тримифунт әулиесі Спиридонға арналған даңқтау дұғасын атқарып, шіркеудегі қасиетті жәдігерлерге тағзым етті және приходтың белсенді мүшелерімен әңгімелесті.
Епископ Игнатий Жоғары мәртебелі митрополитке өткен жылы храм ғимаратының толықтай қайта жөндеуден өткізілгенін хабарлады: храмның қабырғалары мен күмбездері жөнделіп, жаңа терезе жақтаулары орнатылды, едені қайта төселді, жылыту жүйесі мен электр сымдары жаңартылды, сондай-ақ ғимараттың айналасы абаттандырылды. Ақтөбе епархиясының басқарушысы храмды қалпына келтіру жұмыстарына Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы К.Д. Бусыгиннің ерекше үлес қосқанын атап өтті. Митрополиялық округ басшысы атқарылған жұмыстарға жоғары баға берді.
Одан кейін Қазақстан Православие Щіркеуінің Басшысы әйелдер монастырлік қауымының әпкелерімен кездесті. Әңгіме барысында рухани өмір, аскеттік тәртіп және қауымның одан әрі дамуы мәселелері талқыланды.
Кездесу соңында митрополит әпкелерге монастырік жолдағы қызметтерін жалғастыруға архипастырлық батасын беріп, рухани беріктік пен таңдаған қызметтерін атқаруда қажымас ынта-жігер тіледі.
Сол күні Митрополиттік округ Басшысы Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы К.Д. Бусыгиннің және Тримифунт әулиесі Спиридонның қасиетті жәдігерлерін әкелуге қатысушылардың сүйемелдеуімен Г.М. Шубников атындағы қалалық саябақта орналасқан «Байқоңыр» ғарыш айлағының ашық аспан астындағы тарих музейіне барды.
Мемориалдық кешенді аралап болғаннан кейін митрополит Константин Дмитриевич Бусыгинмен және бірге жүрген адамдармен бірге Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Осыдан кейін жиналғандар марқұмдарға арнап «Мәңгі есімізде» дұғасын орындады.
Митрополиттік округтің Басшысы Тримифунт әулиесі Спиридонның қасиетті жәдігерлері әкелінген Байқоңыр қаласындағы Георгиев храмында Литургияны өткізді
Толығырақ
Тримифунт епископы, әулие Спиридонның қасиетті жәдігерлері Байқоңыр қаласына жеткізілді.
Толығырақ
Қазақстанның Оңтүстік астанасында Тримифунт әулиесі Спиридонның ғажайып қасиетті жәдігерлерінің сапары аяқталды. Қасиетті жәдігерге 65 мыңнан астам адам тағзым етті.
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр