7 қазан 2026 жыл. Тримифунт епископі, әулие әрі ғажайып жасаушы Спиридонның қасиетті жәдігерлерінің Байқоңыр қаласына сапары аяқталды.
Мәскеу және бүкіл Ресейдің Қасиетті Патриархы Кириллдің батасымен Қазақстан Митрополиттік округінің аумағына әкелінген қасиетті жәдігер қалаға таңертең ерте жетіп, күні бойы Ұлы шейіт Георгий Жеңімпаздың құрметіне арналған шіркеуде болды.
Қазақстан бойынша сапарында қасиетті жәдігерлерді делегация басшысы ретінде алып жүрген Астана және Қазақстан митрополиті Александр Әулие Георгий шіркеуінде Құдайға құлшылық ету Литургиясын атқарды.
Сол күні Митрополиттік округ Басшысы Құдай Анасының «Жанбаған бұта» иконасы құрметіне арналған шіркеуге – Ақтөбе және Қызылорда епископы Игнатийдің архиерейлік ауласына барып, Г.М. Шубников атындағы қалалық саябақта орналасқан «Байқоңыр» ғарыш айлағы тарихы мұражайының ашық аспан астындағы экспозицияларымен танысты. Сондай-ақ Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы К.Д. Бусыгинмен кездесті.
Кешке қорытынды дұға ету рәсімінен кейін Православие әлемінің ұлы қасиетті жәдігері Байқоңырдан шығып, Павлодар қаласына жол тартты.
Байқоңырда Христостың ұлы әулиесіне тиесілі қасиетті жәдігерлерге 5 мыңнан астам адам тағзым етті.
Тримифунт ғажайып жасаушысының қасиетті сүйектерін әкелу «Eleos-Meirim» қоғамдық қорының президенті В.М. Капсамунның жетекшілігімен көрсеткен қолдауының арқасында жүзеге асырылуда.
Қасиетті шейіт Киприан мен азап шегуші Иустинаның еске алу күні митрополит Александр Мәскеудегі Қазақстан Митрополиялық округінің Өкілдігінде Литургия өткізді
Толығырақ
Қасиетті Құдай Анасының Покров мерекесінде митрополит Александр Оңтүстік астананың бас храмында Литургияны өткізді
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр