ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
10.10.2026, 09:00

Тримифунт әулие Спиридонның қасиетті жәдігерлері салынған сандық Шымкент епархиясына жеткізілді

Тримифунт әулие Спиридонның қасиетті жәдігерлері салынған сандық Шымкент епархиясына жеткізілді

9 қазан 2026 жыл. Шымкент.

Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Жоғары Мәртебелі Кириллдің батасымен және Керкирск пен Пакси митрополиті Нектарийдің ізгі ниетімен Қазақстанға әкелінген Тримифунт әулие Спиридонның қасиетті жәдігерлері Шымкент епархиясына жеткізілді.

Қасиетті жәдігерді Қазақстанға әкелуді «Eleos-Meirim» қоғамдық қоры ұйымдастырды.

Оңтүстік Қазақстанның орталығы Шымкент қаласы Тримифунт иерархының қасиетті жәдігерлерінің Қазақстан Митрополиттік округі қалалары бойынша  сапарының соңғы аялдамасы болады.

Қасиетті жәдігер сапары барысында оны алып жүргендер: Астана және Қазақстан митрополиті Александр; Астана епархиясының викарийі, Талдықорған епископы Клавдиан; Қазақстан Митрополиттік округінің хатшысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайраткері О.Н. Овчинников; Митрополиттік округ Басшысының әкімшілік хатшылығының жетекшісі иерей Георгий Сидоров; митрополиттің хаттама қызметінің жетекшісі протодиакон Роман Головин; «Eleos-Meirim» қоғамдық қорының президенті В.М. Капсамун; сондай-ақ протопресвитерлер Эвангелос Кутрас пен Фома Костамонитис бастаған Керкира митрополиясы өкілдері.

Шымкент әуежайында Құдайдың сүйікті құлы – әулие Спиридонның қасиетті жәдігерлерін Шымкент және Түркістан епископы Хрисанф бастаған Шымкент епархиясының басқармасы өкілдері қарсы алды.

Қасиетті жәдігерлер әулие Николай кафедралды соборына жеткізілді. Мұнда мегаполис тұрғындары, жақын қалалар мен елді мекендерден келген көптеген діндар жиналды.

Қоңырау үнімен, әулие Спиридонға арналған тропарь мен мадақтау әндері орындалып тұрған кезде, қасиетті жәдігерлер салынған сандық Шымкент епархиясының басты храмына әкелініп, собордың ортасындағы арнайы дайындалған орынға қойылды.

Митрополит Александр епископ Хрисанфты, дін қызметкерлері мен жиналған діндарларды Оңтүстік Қазақстанның орталығының рухани өміріндегі айтулы оқиға – дұға жасаудың ерекше рақымдылық күші бар Тримифунт әулиесінің қастерлі әрі көптеген шипаға себеп болатын қасиетті жәдігерлерінің келуімен құттықтады.

Иерарх «Eleos-Meirim» қоғамдық қорының президенті В.М. Капсамунға қасиетті жәдігердің Митрополиялық округ аумағына зиярат сапарын ұйымдастыруға көрсеткен ізгі қолдауы үшін жылы ризашылығын білдірді.

Жиналғандарға қасиетті жәдігерлердің сақтаушысы – протопресвитер Эвангелос Кутрас сөз арнады.

Архипастырьлар мен дін қызметкерлері Тримифунт ғажайып жасаушы әулиенің қасиетті жәдігерлері алдында молебен өткізді. Осыдан кейін діндарлардың қасиетті жәдігерге тағзым етуі басталды.

Әулие Спиридонның қасиетті жәдігерлері Әулие Николай кафедралды соборында 10 қазан күні кешке дейін болады.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді