2026 жылғы 14 қазан – Қасиетті Құдай Анасы, біздің Жаратушы Иеміздің Анасы және Мәңгі Бикеш Мәриямның Покров мерекесі.
Құдай Анасының Покров мерекесі Русьте қасиетті кнәз Андрей Юрьевич Боголюбскийдің билігі тұсында белгіленген. Мерекенің негізіне 910 жылы болған ғажайып оқиға алынған. Оның сипаттамасы Константинопольдік әулие Андрейдің, Мәсіх үшін ақымақтық жолын таңдаған тақуаның, өмірбаянында сақталған.
Пұтқа табынушы варварлар Константинопольді қоршауға алған кезде, қала тұрғындары жаулардан қорғану үшін Құдайға жалбарыну мақсатында Влахерна шіркеуіне жиналды. Құлшылық кезінде шіркеуде Құдай Анасы ғажайып түрде пайда болып, Константинопольді өз қорғауына алғанының белгісі ретінде дұға етіп тұрған адамдарды өзінің киімімен бүркеді – қасиетті жамылғысын сенушілердің үстіне жайды. Көк Патшайымның шапағатының арқасында қала аман қалып, жау әскерлері қорқынышпен Константинополь қабырғаларынан шегінді.
Астана және Қазақстан митрополиті Александр Алматы қаласындағы Вознесенский кафедралды соборында Құдайлық Литургияны басқарды.
Митрополиттік округінің Ьасшысына қызмет еткендер: Оңтүстік астана храмдарының құрметті өкілі, Никольск соборының басқарушысы протоиерей Валерий Захаров; Алматы қаласындағы Құдай Анасының «Барлық қасірет шеккендердің қуанышы» иконасына арналған храмның басқарушысы протоиерей Евгений Воробьев; архимандрит Геронтий (Борисевич); епархияның әулиелерді заңдастыру жөніндегі бөлімінің басшысы архимандрит Иосиф (Еременко); Вознесенский кафедралды соборының кілтшісі, Митрополиттік округінің қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы протоиерей Александр Суворов; Алматы рухани семинариясының ректоры, Митрополия округінің ақпараттық-баспа бөлімінің басшысы протоиерей Евгений Иванов; игумен Алексий (Несмеев); Митрополиттік округі Басшысының жеке хатшысы иеромонах Димитрий (Байдек); митрополит хатшылығының басшысы иеромонах Прохор (Ендовицкий); Митрополия округі басшысының әкімшілік хатшылығының жетекшісі иерей Георгий Сидоров; протодиакон Николай Гринкевич; митрополиттің хаттама қызметінің басшысы протодиакон Роман Головин; протодиакон Владимир Сыровацкий; диакон Андрей Плетень; иеродиакон Софония (Мазуренко); диакон Иоанн Жучков; диакон Георгий Ткаченко.
Құлшылықта дұға еткендер: Қазақстан Митрополиттік округінің хатшысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайраткері О.Н. Овчинников; Алматы епархиясы басқармасының қызметкерлері; Алматы рухани семинариясының студенттері; Оңтүстік астананың жексенбілік мектептерінің оқытушылары мен тәрбиеленушілері; Алматы қаласындағы бас храмның прихожандары.
Құлшылық кезінде Вознесенский соборының игумен Филипп (Моисеев) жетекшілік ететін ерлер хоры және Е. Богуславец жетекшілік ететін кіші хор діни әндерді орындады.
Қасиетті өлеңнен кейін уағызды архимандрит Иосиф (Еременко) айтты.
Литургия аяқталғаннан кейін Құдай Анасының Покров иконасы алдында мадақтау дұғасы жасалды.
Митрополит Александр дін қызметкерлері мен миряндарды Богородицаға арналған ұлы мерекемен құттықтап, мерекенің мән-маңызы туралы уағыз айтты.
Жоғары мәртебелі жиналған қауымды қасиетті сумен бүркіді.
Құлшылықтың бейнетүсірілімін Қазақстан Митрополиттік округінің «Семиречье» телестудиясы (директоры – мәдениет саласының еңбек сіңірген қызметкері В.Л. Посаднева) жүргізді, сондай-ақ «Семиречье» YouTube арнасы материал жариялады. Фототүсірілімді ақпарат бөлімінің қызметкері А. Халин жүзеге асырды.
«Мәсіх шіркеуінің өмірінен, елдер мен халықтардың тарихи тағдырынан, Құдайдың қасиетті әулиелерінің өмірінен, әрбір сенушінің тіршілігінен Қасиетті Құдай Анасының құтқарушы күшін көруге болады. Барша адамзаттың арасынан таңдалып, Ол Құтқарушының Анасы болды және бүкіл әлем үшін мәңгілікке Құдайдың сыйларының қайнар көзіне айналды. Әулие Григорий Богослов: “Таңдалғандардың әрқайсысына рақым ішінара берілді, ал Бикешке – рақымның толықтығы берілді”, – дейді. Қасиетті Құдай Анасының Покров мерекесін атап өтіп, ұлықтап, дұға-тілектер айтып, шырақ жаға отырып, Құдай Анасына көрсететін ең жақсы құрметіміз – Інжіл өсиеттеріне сай өмір сүру екенін есте ұстауымыз керек. “Ол сендерге не айтса, соны істеңдер” (Ин. 2:5), – деп Құтқарушының Анасы Ғалилеядағы Қана қаласында өткен үйлену тойында мерекеге қатысушыларға айтты. Бұл сөздерді Ол әрқайсымызға арнап, Иеміз Иса Мәсіхті тыңдауға және Оның өсиеттерін орындауға шақырады.
Қасиетті Иоанн Дамаскин Құдай Анасының “әрбір зұлымдыққа қайғырып, мұңаятынын, ал әрбір ізгілікке өзіне берілген сыйдай қуанады” деп еске салады. Өзі Мәсіхтің Анасы ғана емес, Оның адал шәкірті бола отырып, Ол бізден де Құдай сөзін тыңдап, оны орындауды күтеді (Лк. 11:28)». Митрополит Александрдың уағызынан.
Қасиетті Құдай Анасының Покров мерекесінде митрополит Александр Оңтүстік астананың бас храмында Литургияны өткізді
Толығырақ
Елорда шіркеу округінің құрметті өкілі Рим-католик Шіркеуінің Қарағанды епархиясы епископының ординациясына (қол қою рәсіміне) қатысты.
Толығырақ
Митрополит Александрдың Ресей Федерациясының Алматыдағы Бас консулы Д.А. Тураевпен кездесуі өтті
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр