ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
16.10.2026, 15:00

Мәскеуде Орыс Православие Шіркеуінің регенттері мен хор әншілерінің IV халықаралық съезі басталды. Форум жұмысына О.Н. Овчинников бастаған Қазақстан Митрополиялық округінің делегациясы қатысуда

Мәскеуде Орыс Православие Шіркеуінің регенттері мен хор әншілерінің IV халықаралық съезі басталды. Форум жұмысына О.Н. Овчинников бастаған Қазақстан Митрополиялық округінің делегациясы қатысуда

16 қазан 2026 жыл. Мәскеу. Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кириллдің батасымен Орыс Православие Щіркеуінің регенттері мен хор әншілерінің IV халықаралық съезі өз жұмысын бастады.

Форум композитор, педагог және регент А.Д. Кастальскийдің туғанына 170 жыл толуына арналды.

Қазақстан Православие Шіркеуінің атынан, Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен, Съезд жұмысына Қазақстан Митрополиттік округінің хор ұжымдарының жетекшілері мен әншілерінен құралған делегация қатысуда. Делегацияны Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Митрополиттік округтің хатшысы, митрополиялық хордың регенті, Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы жанындағы орыс шіркеулік ән өнерін дамыту жөніндегі Шіркеу-қоғамдық кеңестің мүшесі Олег Николаевич Овчинников бастап барды.

Делегация құрамында болғандар: Митрополиттік округтің мәдениет бөлімінің басшысы, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Алматы православ рухани семинариясының музыкалық пәндер оқытушысы Л.Е. Горичева; Астана қаласындағы Успен кафедралдық соборының регенті О.Ю. Варенцова; Алматы қаласындағы әулие Владимир, апостолдарға тең кнәз шіркеуінің регенті М.А. Русина және осы шіркеудің екінші регенті Г.В. Белицкий; Шымкент епархиясы архиерей хорының регенті Е.В. Алешина; Көкшетау қаласындағы Вознесенский кафедралды соборының регенті М.Р. Петрова; Ақтөбе қаласындағы Никольск кафедралдық соборының регенті А.В. Дон; Петропавл қаласындағы Вознесенскиц кафедралды соборының регенті А.А. Оплетина; Петропавл қаласындағы қасиетті азап шегуші Мефодийдің құрметіне арналған шіркеудің регенті Н.А. Берникова; Петропавл қаласындағы Барлық Әулиелер шіркеуінің регенті И.Л. Михайлова.

Форум бағдарламасында пленарлық отырыстар, шеберлік сабақтары, съезд делегаттарының біріккен хорының репетициялары, сондай-ақ Құтқарушы Христос шіркеуінің Шіркеу Соборлары залында концерт өткізу жоспарланған.

Съезд Құтқарушы Христос кафедралды соборында Патриархтық Құдайлық Литургиямен аяқталады. Литургияға съезд делегаттарының біріккен хоры қатысады.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді