ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
құттықтаймын
26.11.2026, 16:00

Талдықорған епископы Клавдианды туғанына 55 жыл толуымен Патриархтық құттықтауы

Талдықорған епископы Клавдианды туғанына 55 жыл толуымен Патриархтық құттықтауы

26 қараша 2026 жыл. Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кирилл Талдықорған епископы Клавдианды туғанына 55 жыл толуымен құттықтады.

Аса құрметті, Жоғары Мәртебелі Клавдианға,

Талдықорған епископына, Астана епархиясының викарийіне

Аса құрметті, Жоғары Мәртебелі!

Сізді 55 жасқа толуыңызбен құттықтаймын.

Жас кезіңізде Мәсіхтің шақыруына үн қатып, өміріңізді Оған арнауға шешім қабылдадыңыз. Сіз қасиетті Шоқындыру рәсімін қабылдап, рухани білім алдыңыз, қасиетті діни қызмет дәрежесіне тағайындалдыңыз және Құдайдың даңқы жолында әртүрлі шіркеулік міндеттерді құлшыныспен атқардыңыз.

Сіздің ынта-жігеріңізді көрген Құдіретті Құдай сізді апостолдардың ізбасарларының қатарына қосуды жөн көрді. Осылайша, Сіз туған Қазақстан жерінде епископтық қызметіңізді ыждағаттылықпен атқарып, митрополит Александрдың сенімді көмекшісі болуға ұмтылудасыз.

Мол рақымға ие Жаратушы Иеміз тәніңіз бен жаныңызға күш-қуат дарытып, алдағы архипастырлық еңбектеріңізге жәрдемін берсін.

Мәсіхтегі сүйіспеншілікпен,

+КИРИЛЛ, МӘСКЕУ ЖӘНЕ БҮКІЛ РУСЬ ПАТРИАРХЫ

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді