4 қазан 2024 жыл. Алматы. Жетісудың көктегі қорғаушылары - шейіт Вера, Надежда, Любовь және Софияны еске алу күні қарсаңында 29 қыркүйекте Оңтүстік астанаға жеткізілген Мәскеудің қасиетті Матронасының киелі жәдігерліктеріне тағзым ету жалғасуда.
Қасиеттілердің келуі Астана және Алматы епархиясының 25 жылдығын мерекелеуге және Қазақстан Митрополиттік округінің канондық мәртебесін бекітудің алдағы 15 жылдығына орайластырылған.
Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың өтінішіне жауап ретінде Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы Кирилл қасиетті Матронаның жәдігерліктерін Қазақстанның епархиялық орталықтарына дұға ету және сенушілердің рухани нығаюы үшін әкелуге бірінші иерархалдық батасын берді.
Таңнан кешке дейін ғибадатхананың алдында Мәсіхтің әулиесіне акатистпен бірге дұға жасалады. Жәдігерліктерге тағзым етуге Оңтүстік астананың көптеген тұрғындары мен жақын маңдағы елді мекендерден қажылар келуде.
Православиенің ұлы қасиеттісі София соборында 7 қазан күні кешке дейін сақталады, содан кейін ол Қазақстан митрополиттік округінің епархияларына жіберіледі.
Ғибадатханаға кіру тегін - 7:00-ден 21:00-ге дейін.
Көкшетау және Ақмола епархиясы дін қызметкерлерінің епархиялық жиналысы өтті
Толығырақ
Алматыда Верный және Жетісу епископы, қасиетті шейіт Пимен құрметпен еске алынды
Толығырақ
Верный қаласының қасиетті шейіті Пименді еске алу күні митрополит Александр Мәскеудегі Қазақстан Митрополиттік округінің Өкілдігінде Литургияны өткізді
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр