11 қараша 2024 жыл. Софрино, Мәскеу облысы. Астана және Қазақстан митрополиті Александр Софрино» көркемөнер-өндірістік кәсіпорнында болды.
Митрополиттік округ басшысымен бірге болғандар: Алматы діни семинариясының проректоры, дін ғылымдарының кандидаты, медицина ғылымдарының докторы, профессор игумен Агафангел (Гагуа); қасиетті шейіттер Вера, Надежда, Любовь және олардың анасы София атындағы Қазақстан Митрополиттік округінің Мәскеу өкілдігі шіркеуінің кілтшісі иеромонах Антоний (Дробязко).
Қазақстан Православие Шіркеуінің басшысын қарсы алғандар: «Софрино» бас директоры м.а., В.А. Левин, өткізу бөлімінің басшысы Г.Е. Ляпин және бас директордың көмекшісі Б.А. Бухтеев.
Жоғары Мәртебелі келе сала Қасиетті Патриарх Пименнің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, оның батасымен кәсіпорын 1980 жылы ашылған еді. Марқұм қасиетті иерархқа «Мәңгілік естелік» әні шырқалды.
Келесі кезекте иерарх қасындағылармен бірге «Софрино» кәсіпорны жанындағы Саровский Серафим атындағы үй шіркеуіне барды және ғибадатхананың киелі орындарына тағзым етті, содан кейін иерарх мұражайдың көрмелерімен танысып, құрметті қонақтар кітабына жазбасын қалдырды.
Владимир Анатольевич билеушіге зауыттың көптеген өндірістік цехтарын аралатып, кәсіпорын қызметі туралы айтып берді. Митрополиттік округ басшысы «Софрино» басшылығымен өндірістің түрлі аспектілерін талқылап, өнім өндірудің технологиялық процестерімен толықтай танысты.
Экскурсия барысында билеуші кәсіпорын жұмысшыларымен әңгімелесіп, басшылық пен жұмысшылардың қызметіне Құдайдың жарылқауын тіледі.
Кездесу соңында митрополит Александр мен зауыттың бас директоры м.а. естелік сыйлықтарымен алмасып, игі істер мен бастамаларына сәттілік тіледі.
Алматы қаласындағы ең көне храм– Құдай Анасының Қазан иконасының құрметіне арналған собордың тақ мерекесіне Митрополит Александр басқарды
Толығырақ
Қостанай епархиясында Патша әулетінің қасиетті азап шегушілерін еске алу құрметіне түнгі Құдайлық Литургия мен діни шеру өтті
Толығырақ
«Православие интернет-каруселі» халықаралық жастар викторинасының жаңа маусымына дайындық жұмыстары басталды
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр