ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу және қоғам
18.12.2024, 19:50

Қаскелең епископы Геннадий «Әлемдік көпшілік және дәстүрлі құндылықтар» атты конференцияға қатысты

Қаскелең епископы Геннадий «Әлемдік көпшілік және дәстүрлі құндылықтар» атты конференцияға қатысты

2-3 желтоқсанда 2024 жылы Шарджа қаласында (Біріккен Араб Әмірліктері) Халықтардың рухани бірлігі қорының (ХРБҚ) «Әлемдік көпшілік және дәстүрлі құндылықтары» атты ХХХ жыл сайынғы конференциясы өтті.

Іс-шараға  парламент депутаттары, дін, саяси және қоғам қайраткерлері, дипломаттар, ғалымдар, публицистер кіретін Еуропа, Азия, Африка, Таяу Шығыс және АҚШ-тың 24 елдерінің өкілдері қатысты.

Форумның негізгі мақсаты – Жаһандық Оңтүстік елдерін біріктіретін қазіргі қоғам өмірінде дәстүрлі құндылықтардың рухани-адамгершілік түсінігін қалыптастыру мен жылжытудың өзекті мәселелерін қарастыру.

Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен  іс-шараға Қазақстан Митрополиттік округінің істері басшысы, Қаскелең епископы Геннадий қатысты. Жоғары Мәртебелі желіде мына тақырыпта баяндама жасады: «Дәстүрлі діндердің өзара ықпалдастығы және қазіргі секуляризм мәселелері».

ХХХ мерейтойлық ХРБҚ Халықаралық конференцияның ұйымдастырушылары мен қатысушыларына Сербияның Қасиетті Патриархы Порфирийден, Болгарияның Қасиетті Патриархы Даниилдан, Чехия және Словакиядағы Автокефалдық Жергілікті Православие Шіркеуінің Басшысы митрополит Ростислав мырзадан, Мәскеу Патриархатының сыртқы шіркеулік байланыстар бөлімінің төрағасы, Волоколамск митрополиті Антонийден, Африка Патриархтық экзархы Зарайск митрополиті Константиннен, Мәскеу Патриархатының Орталық Азия Митрополит округінің басшысы Ташкент және Өзбекстан митрополиті Викентийден, Батыс Еуропаның Патриархтық Экзархы

Корсунск және батысеуропалық митрополиті Нестордан, т.б. құттықтаулар келді.

Форум тақырыбы бойынша негізгі баяндаманы Халықаралық Халықтардың рухани бірлігі қорының президенті, профессор, философия ғылымдарының докторы В.А. Алексеев жасады.

Іс-шара барысында жаһандану жағдайында дәстүрлі құндылықтарды сақтау, қазіргі әлемдегі дәстүрлі отбасы мен отбасы құндылықтарын нығайту және дамыту шараларын әзірлеу, сондай-ақ мәдени және рухани құндылықтарды қорғау мәселелері, сондай-ақ Жаһандық Оңтүстіктегі елдердің мәдени және рухани егемендігін қорғау мәселелері талқыланды.

Конференция соңында қорытынды құжат қабылданды.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді