ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Рухани ағарту
24.12.2024, 17:35

Алматы православиелік теологиялық семинариясында бітіруші біліктілік жұмыстарын қорғауы өтті

Алматы православиелік теологиялық семинариясында бітіруші біліктілік жұмыстарын қорғауы өтті

24 желтоқсан 2024 жыл. Алматы. Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Алматы теологиялық семинариясының сырттай оқу бөлімінің 4 курс студенттерінің бітіру біліктілік жұмыстарын қорғауы өтті.

Бітіруші аттестаттау комиссиясын   Алматы теологиялық семинариясының ректоры м.а. протоиерей Евгений Иванов қашықтықтан басқарды.

Жұмыс тобының құрамында болғандар: тәрбие ісі жөніндегі проректор иерей Иоанн Ливинский, ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор, философия ғылымдарының кандидаты А.П. Соловьев, библиялық-теология кафедрасының меңгерушісі, теология ғылымының кандидаты иерей Олег Лисин, шіркеу-тарихы кафедрасының меңгерушісі протоиерей Александр Гайченя, семинарияның библиялық-теологиялық кафедрасының ұстазы, теологиялық мектептің ғылыми қызметкері, протоиерей Александр Суворов, шіркеу-практикалық кафедрасының меңгерушісі, теология ғылымының кандидаты жыршы В.П. Пашков, сырттай оқу бөлімінің меңгерушісі иерей Даниил Бобылев, теологиялық мектеп кеңсесінің меңгерушісі иерей Александр Шишлов, шіркеу-тарихы кафедрасының мүшесі иерей Кирилл Фрейганг, шіркеу-практикалық кафедрасының қызметкері иерей Кирилл Громов, теологиялық мектептің ғылыми қызметкері диакон Рустик Якупов, семинария оқытушылары.

Жиналғандар маңызды іс басталмас бұрын дұға оқыды, одан кейін протоиерей Евгений Иванов ұстаздар корпорациямен және студенттермен амандасып, жиналғандарға Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысының батасын жеткізді.

Студенттердің баяндамаларының соңында аттестаттау комиссиясының отырысы өтіп, қорғау нәтижелері жарияланды. Оқытушылар ұсынылған дипломдық жұмыстардың сапасын және шіркеу қалыптасуының қазіргі кезеңінде өзектілігін атап өтті.

Алматы семинариясының ректоры м.а.,протоиерей Евгений Иванов отырысқа қатысқандар атынан педагогикалық корпорацияға күш-жігерлері үшін алғысын білдірді, сондай-ақ түлектер мен олардың ғылыми жетекшілерін табысты қорғауларымен құттықтады.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді