ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Рухани ағарту
26.12.2024, 17:10

Оңтүстік астанада XV«Рождестволық Періште» шығармашылық балалар-жасөспірімдер фестивалі өтті

Оңтүстік астанада XV«Рождестволық Періште» шығармашылық балалар-жасөспірімдер фестивалі өтті
22 желтоқсанда 2024 жылы Астана және Қазақстан Митрополиті Александрдың батасымен Алматыдағы Никольск соборы жанында шіркеулік жиналыс залында XV «Рождестволық Періште» мерейтойлық шығармашылық балалар-жасөспірімдер фестивалі өтті.
 
Іс-шараны Оңтүстік астанадағы Никольск соборының Орталық жексенбілік мектебі Қазақстан митрополиті округінің мәдениет басқармасының көмегімен ұйымдастырды.
 
Фестивальдің кураторлары – Қазақстан Православие Шіркеуінің істері басшысы, Қаскелең епископы Геннадий және Ресей Федерациясының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Митрополит округі мәдениет бөлімінің басшысы Л.Е. Горичева; жоба жетекшісі – Орталық жексенбілік мектеп директоры Г.В. Черепанова.
 
Мерекелік бағдарламаның жүргізушілері Орталық жексенбілік мектебінің тәрбиеленушілері Алексей Соболев пен Кира Василенко болды.
 
Мәсіхтің Рождество мерекесіне арналған шараға қала мен облыстағы 14 шіркеу-приходының екі жүзден астам оқушы қатысты.
 
Байқау барысында балалар үш категория бойынша өз өнерлерін көрсетті: үш номинациядан тұратын ән туры – жеке орындау, ансамбль және хор; суреттер мен қолөнер көрмесі, сонымен қатар хореография байқауы.
 
XV «Рождестволық Періште» шығармашылық балалар-жасөспірімдер фестивалінің жеңімпаздарын жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша қазылар алқасы анықтады.
 
Марапаттау рәсімін Қаскелең епископы Геннадий басқарды.
 
Салтанатты шара басталмас бұрын жиналғандарға фестиваль ұйымдастырушылары атынан Г.В. Черепанова алғы сөзін сөйледі. Галина Васильевна барлығына еңбектері үшін алғысын айтып, келе жатқан Жаңа жылмен және Рождество мерекесімен құттықтады.
 
Жиналғандарға шығармашылық байқауларға қатысушылар дайындаған шағын концерт көрсетілді.
 
Фестиваль жеңімпаздары:
 
Балалар сурет байқауы
 
I орын – Қазан соборының жексенбілік мектебі;
 
II орын – Никольск соборының орталық жексенбілік мектебі және қасиетті апостолдарға тең кнәз Владимир атындағы шіркеудің жексенбілік мектебі;
 
ІІІ орын – Ең Қасиетті Құдай Анасы Рождество шіркеуінің жексенбілік мектебі және Апостол Иоанн Богослов шіркеуінің жексенбілік мектебі.
 
Балалардың қолөнер сайысы
 
I орын – Иверско-Серафимовский әйелдер монастырының жексенбілік мектебі;
 
II орын – Орталық жексенбілік мектеп және Крестовоздвиженский шіркеуінің жексенбілік мектебі;
 
ІІІ орын – қасиетті апостолдарға тең кнәз Владимир атындағы шіркеудің жексенбілік мектебі және Асийскийдің қасиетті Косма мен Дамиан шіркеуінің жексенбілік мектебі.
 
Хореографиялық байқаудың жеңімпаздары
 
Шығармашылық байқаудың Бас жүлдесі – Орталық жексенбілік мектеп, «Рождество жұлдызының жарығы» биі;
 
I орын – Иверско-Серафимовский әйелдер монастырының жексенбілік мектебі, «Рождество жарығы» биі;
 
II орын – Варвара Кутырева, ұлы шейіт Параскева Пятница шіркеуінің жексенбілік мектебінің тәрбиеленушісі, «Арманды бейнелеу» биі;
 
ІІІ орын – ұлы шейіт Параскева Пятница шіркеуінің жексенбілік мектебі, «Рождество» биі.
 
Ән байқауының жеңімпаздары
 
«Жеке орындау» номинациясы
 
І орын – Корниенко Алексей, Құтқарушы Мәсіх соборының жексенбілік мектебінің тәрбиленушісі;
 
II орын – Серафим Мамонов, Орталық жексенбілік мектебінің тәрбиеленушісі;
 
ІІІ орын – қасиетті Ұлы шейіт Параскева Пятница шіркеуінің жексенбілік мектебінің дуэті.
 
«Ансамбль» номинациясы
 
I орын – Вознесенский кафедралы соборының жексенбілік мектебінің «Горенка» фольклорлық ансамблі;
 
II орын – Құтқарушы Мәсіх соборының жексенбілік мектебінің «Біз ертегіденбіз» ансамблі;
 
ІІІ орын – Ең Қасиетті Құдай Анасы Рождество шіркеуінің жексенбілік мектебінің «Родничок» ансамблі.
 
«Хор» номинациясы
 
I орын – Орталық жексенбілік мектеп хоры;
 
II орын – Құтқарушы Мәсіх соборының жексенбілік мектеп хоры және қасиетті шейіттер Адриана мен Наталья шіркеуінің жексенбілік мектеп хоры;
 
ІІІ орын – Қазан соборының жексенбілік мектеп хоры және Иверско-Серафимовский монастырінің жексенбілік мектеп хоры.
 
Барлық байқаулар мен номинациялардың жеңімпаздары Қаскелең епископы Геннадийдің қолынан алғыс хаттар, жүлдедер мен естелік сыйлықтар алды. Жиналғандарға сөз сөйлеген архипастор ұйымдастырушыларға атқарған тамаша жұмыстары үшін алғысын айтып, жас жеңімпаздарды құттықтап, оларға денсаулық, бақ-береке және жаңа шығармашылық табыстар тіледі.
Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді