27 сәуір 2025 жыл. Алматы. Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Митрополит Иосиф (Чернов) атындағы Қазақстан Митрополиттік округінің рухани-мәдени және әкімшілік орталығының алдындағы алаңда Пасха фестивалі өтті.
Іс-шараны Митрополиттіа округтің мәдениет бөлімі (жетекшісі – еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Л.Е.Горичева) және Оңтүстік астанадағы Ресей Федерациясының Бас консулдығының қолдауымен және «Русский дом» қоғамдық ұйымы ұйымдастырды.
Фестивальдің басты мақсаттарының бірі – қоғамда дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтардың орнығуына ықпал ету.
Мерекелік бағдарламаның көрермендері мен қатысушылары – Алма-Ата епархиясының шіркеулерінің діни қызметкерлері мен приходтары, жексенбілік мектептердің оқушылары, шығармашылық зиялы қауым өкілдері.
Іс-шара Алматыдағы Иверско-Серафимовский әйелдер монастырінің хоры, Халықаралық және Республикалық рухани музыка конкурстарының лауреаты (регенті – Ольга Усольцева) өнер көрсетуімен ашылды. Әншілер тобы Пасха мерекесіне арналған әндерді орындады.
Фестивальді қалалық орталық жексенбілік мектебінің оқушылары жүргізді.
Көрермендерге Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың бейне құттықтауы көрсетілді.
Одан кейін жинаоғандарға Вознесенский кафедралды соборының кілтшісі, Митрополиттік округтің қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы протоиерей Александр Суворов сөз сөйлеп, баршаны Мәсіхтің Жарқын Қайта тірілу мерекесімен құттықтап, Пасха мерекесін өткізудің мақсаты туралы айтты.
Одан кейін «Басында Сөз болды...» атты ІІ Бүкілқазақстандық шіркеу оқырмандары байқауының Алматы облыстық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтіп, «Пасха үндері» атты қоңырау фестивалінің қорытындысы шығарылды.
Форум қатысушыларына бейне-құттықтауларды жолдағандар: Павлодар және Екібастұз архиепископы Варнава, Петропавл және Булаев архиепископы Владимир, Ақтөбе және Қызылорда епископы Игнатий және Шымкент және Түркістан епископы Хрисанф.
Мереке аясында іс-шараның жас және ересек қатысушылар үшін Оңтүстік астананың музыкалық ұжымдарының шығармашылық шеберлік сабақтары мен қойылымдары ұйымдастырылды. Пасха карталарының шеберханасы ерекше сұранысқа ие болды және ұйымдастырушылар осы карталарды жасағаны үшін сыйлықтар табыстады.
Сондай-ақ сенушілер жергілікті фермалық қожалықтардың және монастырь асханасының өнімдерін, пасха торттарын, сүзбе пасхаларын, боялған жұмыртқаларын, балын сатып алу үшін монастырь аумағында жәрмеңке өтті.
Фестиваль соңында әрбір келуші пасха дәстүрі бойынша қоңырау соғу үшін София соборының қоңырау мұнарасына көтерілуге мүмкіндік алды.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр