ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Рухани ағарту
13.01.2026, 15:00

Митрополит Александр Алматы қаласындағы храмдардың жексенбілік мектептерінің оқушыларын Рождество мерекесімен құттықтады

Митрополит Александр Алматы қаласындағы храмдардың жексенбілік мектептерінің оқушыларын Рождество мерекесімен құттықтады

12 қаңтар 2026 жыл. Алматы.

Митрополит Иосиф (Чернов) атындағы Қазақстан Митрополиттік округінің рухани-мәдени орталығының тақ залында Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың Оңтүстік астананың жексенбілік мектептерінің тәрбиеленушілері мен ұстаздарымен кездесуі өтті.

Іс-шараға қатысқандар: Қазақстан Митрополиттік округінің хатшысы, Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері О.Н. Овчинников; Алматы рухани семинариясының ректоры, Митрополиттік округтің ақпараттық-баспагерлік бөлімінің жетекшісі, богословия кандидаты протоиерей Евгений Иванов; Орлов епархиясының орталық округі храмдарының құрметті өкілі протоиерей Василий Иванов (Орлов митрополиясы, Ресей); митрополиттің жеке хатшылығының жетекшісі иеромонах Прохор (Ендовицкий); Митрополиттік округ Басшысының әкімшілік хатшылығының жетекшісі иерей Георгий Сидоров; Митрополиттік округтің мәдениет бөлімінің жетекшісі иерей Богдан Бойко; митрополиттің протокол қызметінің жетекшісі протодиакон Роман Головин; Орталық жексенбілік мектептің директоры Г.В. Черепанова, Алматы қаласындағы жексенбілік мектептердің оқытушылары және оқушылардың ата-аналары, епархиялық басқарма қызметкерлері және Оңтүстік астананың храмдарының прихожандары қатысты.

Митрополит Александр жиналған қауымды Рождествосы мерекесімен, қасиетті күндермен және басталған Жаңа жылмен құттықтады.

«Құдай Ұлын мадақтау – жақсы дәстүр. Бұл туған-туыстар мен жақындардың ортасында Рождествоға байланысты евангелиялық оқиғаларды баяндайтын рухани әндерді орындау, әртүрлі халықтардың тілдерінде ежелгі және қазіргі мадақ жырларын, рождестволық әндер айту арқылы Жаратқан Құдай Иенің адамзатқа деген сүйіспеншілігін дәріптеу болып табылады. Бүгін де біз осы мерекенің қуанышын тағы бір мәрте бір-бірімізбен бөлісу үшін жиналып отырмыз. Әрқайсымыз өмірімізде қуанышты, бақытты күндердің көп болғанын, жақсы көңіл-күйдің сақталғанын, ал мұңаюға себеп болатын сәттердің азаюын қалаймыз. Дүниеге келген Құдайсәби Мәсіх бізге ұлы әрі қарапайым ақиқатты үйретеді: өз бақытымыздың жаратушысы – өзіміз. Қымбаттыларым, баршаңызға өмір жолында Құдайдың жәрдемін, оқуда және сүйікті істеріңізде табыс, ата-аналар мен ұстаздарға, өздеріңізден үлкендерге құрмет, құрдастар мен кішілерге мейірім мен түсіністік тілеймін. Бейбітшілікте, даналықта және махабатта өсулеріңізді тілеймін», – деді архипастырь.

Кездесу барысында Алматы қаласының жексенбілік мектептерінің оқушылары мерекенің тропары мен кондагын, рождестволық әндер мен халық әндерін орындады.

Қазақстандағы Православие Шіркеуінің Басшысы барлық қатысушыларға рождестволық сыйлықтар табыстап, жиналған қауымға Жаратқан Құдай Иенің мейірімін, денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі.

Ұстаздар мен оқушылар атынан Орталық жексенбілік мектептің директоры Г.В. Черепанова митрополит Александрға ізгі тілектері мен құттықтау сөздерін білдірді.

Кездесу соңында естелік үшін ортақ сурет түсірілді.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді