ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Рухани ағарту
15.01.2026, 10:00

Алматыда қайырымдылық Рождестволық концерт өтті

Алматыда қайырымдылық Рождестволық концерт өтті

14 қаңтар 2026 жыл. Алматы.

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының концерт залында  Рождество мерекесіне арналған дәстүрлі концерт өтті.

Іс-шара Қазақстан Митрополиттік округі мәдениет бөлімінің ұйымдастыруымен, Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен өткізілді.

Концерттік бағдарламаға қатысқандар: Қазақстан Митрополиттік округінің хоры (регенті — Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері, Шіркеу әнін дамыту жөніндегі Патриархиялық кеңестің мүшесі Олег Овчинников, хормейстері — Виктория Дударева);

Алматы қаласындағы Никольский соборы жанындағы Орталық жексенбілік мектеп (директоры — митрополит Иосиф (Чернов) атындағы сыйлықтың лауреаты Галина Черепанова, хореографы — Мария Привалова); Алматыдағы Иверско-Серафимовский монастыры жанындағы София соборының хоры (регенті — Ольга Усольцева);

Алматы қаласындағы №83 гимназияның халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты «Аспан» хореографиялық ұжымы (жетекшілері — Людмила Курлыкова мен Малика Раджибаева); халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты «Көкек» балалар хоры (жетекшісі — Наталья Марченко, концертмейстері — Еркебұлан Чаким);Т. Әбдірашев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі (дирижері — халықаралық байқаулардың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерболат Ахмедияров); сондай-ақ Митрополиттік хордың солистері — халықаралық байқаулардың лауреаттары, Қазақстан Республикасының мәдениет саласының үздіктері Софияна Благодарная, Роза Бакбергенова және Евгений Шагаров.

Тыңдармандар назарына классикалық және заманауи авторлардың шығармалары, рухани әндер, симфониялық туындылар, опера ариялары, халықтық рождестволық әндер ұсынылды.

Мерекелік кешті аша отырып, Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александр жиналған қауымды Мәсіхтің Рождествосымен және Жаңа жылмен құттықтады.

Іс-шараға қатысқандар: Астана епархиясының викарийлері — Қазақстан Митрополиттік округі істерін басқарушы Қаскелең епископы Геннадий, Талдықорған епископы Клавдиан және Талғар епископы Вениамин, сондай-ақ Алматыдағы Иверско-Серафимовский әйелдер монастырінің басшысы игумения Любовь (Якушкина) монастір әйелдерімен, діни қызметкерлер мен Оңтүстік астананың шіркеуге келушілері.

Музыкалық мерекенің қонақтары болғандар: Ресей Федерациясының Алматыдағы Бас консулы Д.А. Тураев жұбайымен, Беларусь Республикасының Алматыдағы Бас консулы Д.В. Мелешкин, қоғам қайраткерлері, шығармашылық зиялы қауым өкілдері және этномәдени бірлестіктердің басшылары.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді