ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Рухани ағарту
01.04.2026, 10:00

Шымалған станциясындағы Владимир приходынында «Орыс ғарышы» атты балаларға арналған танымдық викторина өтті

Шымалған станциясындағы Владимир приходынында «Орыс ғарышы» атты балаларға арналған танымдық викторина өтті

29 наурызда 2026 жыл, Ұлы посттың 5-аптасында, Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Шымалған станциясындағы Құдай Анасының Владимирский иконасы құрметіне арналған приходта Ғарышкерлер күніне арналған «Орыс ғарышы» атты викторинасы өтті.

Мектеп оқушыларына арналған «Орыс ғарышы» атты жыл сайынғы зияткерлік сайыс Владимирский храмында 2011 жылдан бері өткізіліп келеді. Викторина астрономия бойынша сұрақтарды, шоқжұлдыздар мен Күн жүйесінің ғаламшарларын білуге арналған тапсырмаларды, алғашқы кеңестік ғарыш экспедициялары экипаждары туралы сұрақтарды қамтыды, сондай-ақ ғарыш тақырыбындағы үстел ойындарын да енгізді.

Іс-шараға Алматы епархиясының жексенбілік мектептерінің тәрбиеленушілері қатысты.

Викторина басталар алдында Фесенков атындағы Астрофизика институтының жұлдыздар мен тұмандықтар физикасы зертханасының меңгерушісі Л.И. Шестакова ғылыми-көпшілік дәріс оқыды. Любовь Илларионовна жиналғандарға бақылау астрономиясының тарихы, Қазақстандағы обсерваториялар және отандық телескоптар арқылы жасалған аса маңызды жаңалықтар туралы айтып берді.

Содан кейін оқушылар астрономиядан, алғашқы ғарышкер Ю.А. Гагариннің өмірбаянынан білімдерін сынап, орыс тілі бойынша тапсырмалар орындап, үстел ойындарын ойнады.

Танымдық викторинаның қорытындысы бойынша Алматыдағы Иоанн Богослов храмы, Байкент ауылындағы қасиетті Серафим Саровский шіркеуі және Шамалған станциясындағы Владимирский приходы жексенбілік мектептерінің командалары жеңімпаз атанды.

Жүлделі орындарды Оңтүстік астанадағы Қазан соборының, Боралдай кентіндегі Иверский шіркеуінің, Құтқарушы Христос храмының және Алматы қаласындағы Владимирский храмының шіркеу-приход мектептерінің тәрбиеленушілері иеленді.

Жеңімпаздар мен қатысушыларға Алматы епархиялық басқармасы атынан үстел ойындары мен тәтті сыйлықтар табыс етілді.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді