ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Рухани ағарту
19.05.2026, 13:00

Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың Алматы Діни семинариясының әкімшілігімен және студенттерімен пасхалық кездесуі өтті

Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың Алматы Діни семинариясының әкімшілігімен және студенттерімен пасхалық кездесуі өтті

19 мамыр 2026 жыл. Алматы. Митрополит Иосиф (Чернов) атындағы әкімшілік және рухани-мәдени орталықтың Тақ залында Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың Алматы Православие Діни семинариясының әкімшілігімен және студенттерімен пасхалық кездесуі өтті.

Іс-шараға қатысқандар: Өскемен және Семей архиепископы Амфилохий; Қазақстан Православие Шіркеуінің хатшысы, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан Митрополиттік округі хорының регенті, Орыс шіркеулік ән айтуын дамыту жөніндегі Патриарх кеңесінің мүшесі О.Н. Овчинников; Иверско-Серафимовский әйелдер монастырінің басшысы игумения Любовь (Якушкина) монастырь әпкелерімен бірге; Митрополиттік округтің ақпараттық-баспа бөлімінің жетекшісі, Алматы Діни семинариясының ректоры, теология кандидаты протоиерей Евгений Иванов; епархиялық әулиелерді заңдастыру бөлімінің жетекшісі архимандрит Иосиф (Еременко); семинарияның рухани тәлімгері иеромонах Димитрий (Байдек); тәрбие ісі жөніндегі проректор иерей Иоанн Ливинский; оқу ісі жөніндегі проректор иерей Петр Бахтияров; рухани мектептің шіркеулік-тәжірибелік кафедрасының меңгерушісі, теология кандидаты иерей Владислав Пашков; Алматы Діни семинариясының инспекторы иерей Евгений Бессонов; рухани мектеп кеңсесінің меңгерушісі иерей Александр Шишлов; шіркеу тарихы кафедрасының хатшысы иерей Георгий Сидоров; митрополит хатшылығының жетекшісі иеромонах Прохор (Ендовицкий); митрополиттің протокол қызметінің жетекшісі протодиакон Роман Головин; протодиакон Сергий Куликов; ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, философия ғылымдарының кандидаты А.П. Соловьев; АПРС регенттік бөлімінің меңгерушісі В.В. Дударева; рухани мектептің сыныптан тыс жұмыс жөніндегі проректоры, еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Л.Е. Горичева; Алматы Православие Діни семинариясының студенттері.

Митрополит Александр мен жиналған қауым Пасхалық мадақтауды орындап, одан кейін Митрополиттік округ Басшысы қатысушыларды Мәсіхтің Қасиетті Қайта Тірілу мерекесімен құттықтады.

Алматы Діни семинариясының ректоры протоиерей Евгений Иванов өз сөзінде Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысын туған күнімен құттықтап, митрополит Александрға рухани мектепке деген тынымсыз әкелік қамқорлығы үшін шынайы алғысын білдірді. Сондай-ақ оған жан және тән саулығын, Құдайдың мол жәрдемін және жоғары әрі жауапты архипастырлық қызметінде табыс тіледі.

Алматы семинариясының күндізгі бөлімінің III курс студенті Рустик Гаппасов студенттер атынан Жоғары мәртебеліге өзі құрған рухани мектепке деген қамқорлығы үшін шынайы ризашылығын білдіріп, архипастырға гүл шоғын табыс етті.

Өз жауабында Митрополиттік округ Басшысы әкімшілікке, оқытушылар мен студенттерге жылы лебіздері үшін алғысын айтып, Қазақстан жеріндегі Мәсіх Шіркеуіне одан арғы қызметінде Құдайдың көмегі баруы үшін ерекше дұғалар сұрады.

Сөз соңында иерарх жиналғандарға Жаратқан Иенің мейірімін және барлық игі істері мен бастамаларына табыс тіледі. «Үш күннен кейін қайта тірілген Иеміз баршаңызды жан мен тән саулығында сақтасын, ал Қазақстан жерінің жаңа азап шегушілері мен мойындаушыларының дұғалары өмірлеріңіздің барлық күндерінде сендерді нығайтсын», – деді сөзін қортындалай келе митрополит әмірші.

Қазақстан Православие Шіркеуінің игілігі жолындағы еңбектері үшін Митрополиттік округ Басшысы Алматы епархиясының қайырымды жәрдемшісі протодиакон Сергий Куликовке «Ынталы қызмет үшін» орденін табыс етті.

Іс-шара соңында барлығы ортақ суретке түсті.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді