«Екатеринбург рухани семинариясының хабаршысы» ғылыми журналында Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың Иерусалимдегі Орыс рухани миссиясының алғашқы басшысы епископ Порфирийдің (Успенский) мен Түркістанның алғашқы архиепископы Софонийдің (Сокольский) зияткерлік және рухани ынтымақтастығына арналған ғылыми мақаласы жарық көрді.
Мақалада олардың өзара қарым-қатынасы Таяу Шығыстағы христиандықты зерттеудің отандық дәстүрінің қалыптасуына ықпал еткен орыс шіркеулік ғылымының тарихындағы ерекше құбылыс ретінде қарастырылады.
Зерттеу қорытындысында архиепископ Софоний мен епископ Порфирийдің өзара байланысын жеке өмірбаяндық дерек ретінде ғана емес, православиелік ғалым-теологтың бейнесі қалыптасқан ауқымды мәдени-шіркеулік үдерістің құрамдас бөлігі ретінде түсіндіруге болатыны негізделеді. Бұл бейне пастырлық қызметті, ғылыми ізденісті және миссионерлік еңбекті өз бойында тоғыстырған тұлғаны сипаттайды.
Жарияланымның атауы: «“Бұл адал еңбегіңізді мен жоғары бағаладым”: Иерусалимдегі Орыс рухани миссиясының алғашқы басшысы епископ Порфирийдің (Успенский) Түркістанның алғашқы архиепископы Софониймен (Сокольский) қарым-қатынасы мен өзара ынтымақтастығы».
«Екатеринбург рухани семинариясының хабаршысы» журналы Ресей Федерациясының Жоғары аттестаттау комиссиясының (ЖАК) рецензияланатын ғылыми басылымдар тізіміне енгізілген. Бұл басылымда ғылыми зерттеулердің негізгі нәтижелері, сондай-ақ тарих ғылымдарының докторы және шіркеу тарихы докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациялардың негізгі ғылыми нәтижелері жарияланады.
Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың мақаласымен мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://epds.ru/wp-content/uploads/2026/06/Bulletin_N54-2026_e-book.pdf (174–194-беттер).
Дәйексөз келтіру үшін: Могилев А. Г. «“Бұл адал еңбегіңізді мен жоғары бағаладым”: Иерусалимдегі Орыс рухани миссиясының алғашқы басшысы епископ Порфирийдің (Успенский) Түркістанның алғашқы архиепископы Софониймен (Сокольский) қарым-қатынасы мен өзара ынтымақтастығы» // Екатеринбург рухани семинариясының хабаршысы. – 2026. – № 54. – 174–194-бб. https://doi.org/10.24412/2224-5391-2026-54-174-194; EDN: NXNVND.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанның жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеуі
Толығырақ
«Екатеринбург рухани семинариясының хабаршысы» ғылыми журналында Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың Порфирий (Успенский) епископы мен Софоний (Сокольский) архиепископының өзара ынтымақтастығына арналған ғылыми мақаласы жарияланды
Толығырақ
Қасиетті елші Варнава мерекесі – Павлодар епархиясын басқарушысвның күні
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр