ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Рухани ағарту
13.07.2026, 12:00

Тамбов рухани семинариясының «Богословский сборник» ғылыми журналында митрополит Александрдың 1861–1862 жж. архиепископ Софонийдің (Сокольский) Закавказьеге жасаған алғашқы іссапары туралы мақаласы жарияланды

Тамбов рухани семинариясының «Богословский сборник» ғылыми журналында митрополит Александрдың 1861–1862 жж. архиепископ Софонийдің (Сокольский) Закавказьеге жасаған алғашқы іссапары туралы мақаласы жарияланды

Тамбов рухани семинариясының «Богословский сборник» ғылыми журналында Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың болашақ алғашқы Түркістан архипастыры, әулие Софонийдің (Сокольский) 1861–1862 жж. Закавказьеге жасаған алғашқы іссапарына арналған мақаласы жарияланды. Бұл еңбек Орыс Православие Шіркеуінің Армения, Парсы және Түркиядағы несториан-ассириялықтармен қарым-қатынасы тарихындағы, сондай-ақ Урмия православиелік миссиясының (1898–1918) алғышарттары болып табылатын маңызды, бірақ осы уақытқа дейін жан-жақты зерттелмеген кезеңге арналған.

Зерттеудің дереккөздік негізін Ресей мемлекеттік тарихи архивінің бұрын жарияланбаған материалдары, миссионердің ресми есептері, архимандрит Софонийдің жарияланған еңбектері және митрополит Филареттің (Дроздов) пікірі құрайды.

Осы дереккөздерді салыстырмалы талдау негізінде Софоний әкенің тағайындалуына байланысты өмірбаяндық мән-жайлар, халдейлік діни қызметкер Михаилдың Православиеге бет бұруының алғышарттары, сондай-ақ әулие Софонийдің Ассирия Шығыс Шіркеуінің ілімі, құлшылық дәстүрі мен иерархиялық құрылымын тікелей зерттеу әдістемесі қайта зерделенді. Сонымен қатар, Православиеге миропомазание рәсімінсіз қабылдауды ұсынған архимандрит Софоний мен бұл ұстанымды канондық және саяси себептерге байланысты қабылдамаған митрополит Филарет арасындағы пікірталасқа сыни талдау жасалды. Митрополит Филареттің қарсылығы 1650–1653 жж. «Кормчая» жинағында берілген Трулль соборының 95-ережесінің дәл емес аудармасына негізделгені көрсетілді. Кейін бұл қателікті В.В. Болотов дәлелдеп, әулие Софонийдің ұстанымының дұрыстығын растады.

Жарияланымның атауы:

«Архимандрит Софонийдің (Сокольский) 1861–1862 жж. Закавказьеге алғашқы миссиясы: Урмиядағы несториан-ассириялықтарды Православиеге қабылдау мүмкіндігін зерттеудің басталуы».

«Богословский сборник Тамбовской духовной семинарии» журналы ғылыми зерттеулердің негізгі нәтижелері, сондай-ақ тарих ғылымдарының докторы және шіркеу тарихы докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациялардың негізгі ғылыми нәтижелері жариялануға тиіс рецензияланатын ғылыми басылымдардың (ЖАК тізімі) қатарына кіреді.

Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың мақаласымен мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://ojs.tamds.ru/1/article/view/577/679 

Мақала жарияланған журналдың толық санын мына сілтеме арқылы көруге болады: https://ojs.tamds.ru/1/issue/view/37

Дәйексөз келтіру үшін: Александр (Могилёв А. Г.), Астана және Қазақстан митрополиті. «Архимандрит Софонийдің (Сокольский) 1861–1862 жылдардағы Закавказьеге алғашқы миссиясы: Урмиядағы несториан-ассириялықтарды Православиеге қабылдау мүмкіндігін зерттеудің басталуы». DOI: 10.51216/2687-072X_2026_2_68–90. EDN: MPFFSG // «Богословский сборник Тамбовской духовной семинарии». 2026. № 2 (35). 68–90-бб.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді