ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Рухани ағарту
13.07.2026, 13:00

Алматыда Алматы әулие азапкерлері Серафим мен Феогносттың қасиетті жәдігерлерінің табылғанына 25 жыл толуына арналған халықаралық волейбол турнирі өтеді

Алматыда Алматы әулие азапкерлері Серафим мен Феогносттың қасиетті жәдігерлерінің табылғанына 25 жыл толуына арналған халықаралық волейбол турнирі өтеді

2026 жылғы 14–15 шілдеде Орыс Православие Шіркеуінің Басшысы, Мәскеу және бүкіл Русьтің Қасиетті Патриархы Кириллдің батасымен Алматыда Алматы әулие азапкерлері Серафим мен Феогносттың қасиетті жәдігерлерінің табылғанына 25 жыл толуына арналған халықаралық жастар арасындағы волейбол турнирі өтеді.

Спорттық іс-шараны Қазақстан Православие Шіркеуі мен «Eleos-Meirim» қоғамдық қоры (президенті – В.М. Капсамун) ұйымдастырады.

Турнирге Қазақстан Митрополиттік округі епархияларының, сондай-ақ Өзбекстан мен Қырғызстанның атынан 150-ден астам жас спортшыны біріктіретін 14 команда қатысады.

Жарыстың салтанатты ашылу рәсімін Астана және Қазақстан митрополиті Александр басқарады.

Турнир бағдарламасы:

14 шілде

– 09:00 – турнирдің салтанатты ашылуы;

– 10:00–18:00 – топтық кезең ойындары.

15 шілде

– 09:00–12:00 – топтық кезеңнің қорытынды ойындары;

– 12:00–14:00 – жартылай финал және финалдық кездесулер, үшінші орын үшін матч;

– 15:00 – жеңімпаздарды марапаттау және турнирдің жабылу рәсімі.

Өтетін орны: «ZENIT» спорт кешені, «Бағанашыл» спорттық-сауықтыру кешені (Алматы қ., Санаторная көшесі, 14А).

Турнирге барлық ниет білдірушілер шақырылады. Қатысушыларды қолдап, жарысты бірге тамашалауға шақырамыз.

Кіру тегін.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді