ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Рухани ағарту
27.09.2026, 11:00

Мәскеу рухани академиясының «Богословский вестник» ғылыми журналында митрополит Александрдың Херсондық әулие Иннокентий мен архиепископ Софоний (Сокольский) арасындағы қарым-қатынастар туралы мақаласы жарық көрді

Мәскеу рухани академиясының «Богословский вестник» ғылыми журналында митрополит Александрдың Херсондық әулие Иннокентий мен архиепископ Софоний (Сокольский) арасындағы қарым-қатынастар туралы мақаласы жарық көрді

26 қыркүйек 2026 жыл. Сергиев Посад. Мәскеу рухани академиясының «Богословский вестник» ғылыми-теологиялық журналында (2026, № 2 (61)) Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың мақаласы жарық көрді.

Мақала Херсон және Таврия архиепископы, әулие Иннокентий (Борисов) пен оның шәкірті, болашақ алғашқы Түркістан архипастыры, әулие Софоний (Сокольский) арасындағы 1825–1850 жылдардағы қарым-қатынастарға арналған. Бұл тақырып бұған дейін жеке зерттеу нысаны болмаған. Әулие Иннокентий туралы еңбектерде архиепископ Софонийдің есімі аталмайды, ал архиепископ Софонийдің өмірбаяндарында олардың байланысы тек қысқаша ғана сөз болады.

Автор бұл қарым-қатынастардың үш кезеңін қарастырады. Бірінші кезең Санкт-Петербург рухани академиясындағы жылдармен байланысты. Онда архимандрит Иннокентий теологиядан сабақ беріп, Стефан Сокольский оқыған жылдары инспектор қызметін атқарған. Архимандрит Иннокентийдің 1827 жылғы қыркүйекте академия түлегін Софоний есімімен монахтыққа қабылдау рәсімін жасағаны туралы болжам айтылады.

Екінші кезең архимандрит Софонийдің рухани семинариялардағы ректорлық қызмет атқарған жылдарына қатысты. 1837 жылы Орлов рухани семинариясында құрастырған теологиялық пәндер конспектісінде оның теологияны әулие Иннокентий жүйелеген үлгі бойынша, яғни «дінтану» және «экклезиастика» бөлімдеріне бөле отырып жүйелегені көрсетіледі.

Үшінші кезең архимандрит Софонийдің 1848 жылдан бастап Константинопольдегі Ресей дипломатиялық миссиясы шіркеуінің настоятелі қызметін атқарған кезеңіне жатады. Бұл уақытта әулие Иннокентий Одессадағы Херсон кафедрасын басқарған. Осы жылдары екеуі Қырым соғысы басталғанға дейін Иерусалимдегі Ресей рухани миссиясы мен Синод арасындағы байланысты қамтамасыз еткен сенімді тұлғалар қатарында болды.

Зерттеудің дереккөздік базасын Ресей мемлекеттік тарихи мұрағатының, Ресей империясының Сыртқы саясат мұрағатының, Тверь облысы мемлекеттік мұрағатының құжаттары, сондай-ақ архимандрит Софонийдің әулие Иннокентийге жазған хаттары құрайды. Хаттардың бір бөлігі Ресей Ғылым академиясының Ресей әдебиеті институтының (Пушкин үйі) Қолжазбалар бөлімінде сақтаулы және ғылыми айналымға алғаш рет енгізіліп отыр.

Автор академия қабырғасында қалыптасқан ұстаздық әрі рухани достық қарым-қатынастар кейін екі иерархтың шіркеулік ынтымақтастығының негізіне айналып, болашақ Түркістан архиепископының теологиялық көзқарастарына ықпал етті деген қорытындыға келеді.

Жарияланымның атауы: «Херсондық әулие Иннокентий және архиепископ Софония (Сокольский): тағдырлар тоғысы және жеке қарым-қатынас тәжірибесі (1825–1850 жж.)».

«Богословский вестник» журналы кандидаттық және докторлық ғылыми дәреже алу үшін дайындалған диссертациялардың негізгі ғылыми нәтижелері жариялануға тиіс рецензияланатын ғылыми басылымдар тізіміне (ЖАК тізімі) кіреді.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді