27 қараша 2026 жыл. Алматы. Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен митрополит Иосиф (Чернов) атындағы рухани-мәдени және әкімшілік орталықтың Тақ залына «Түркістан архиепископы, Жетісу өңірінің ағартушысы, әулие Софоний (Сокольский) рухына арналған XXIV Алматы православиелік білім беру оқулары» атты халықаралық ғылыми конференция өтеді.
Ғылыми форум бұған дейін өткізіліп келген «Филарет оқулары» дәстүрін жалғастырады. Осы екі ғылыми-ағартушылық іс-шараның сабақтастығын сақтау туралы шешімді Алматы православиелік рухани семинариясының ғылыми кеңесі қабылдады.
Қазақстан Митрополиттік округінің конференциясы «Адам туралы христиандық ілім және заманауи технологиялардың сын-қатерлері» тақырыбына арналған XXXV Халықаралық Рождестволық білім беру оқуларының өңірлік кезеңі аясында өтеді.
Ғылыми іс-шараны ұйымдастырушылары Қазақстан Православие шіркеуі мен Алматы православиелік рухани семинариясы болып табылады.
Форумға Орыс Православие Шіркеуінің рухани оқу орындарының оқытушылары, сондай-ақ шіркеу тарихы, теология және басқа да шіркеу-ғылыми пәндер саласындағы мамандар қатысады.
Алматы православиелік рухани семинариясының сайтының материалдары бойынша.
Оңтүстік астанада «Түркістан архиепископы, Жетісу өңірінің ағартушысы, әулие Софоний (Сокольский) рухына арналған XXIV Алматы православиелік білім беру оқулары» өтеді
Толығырақ
Алматыда митрополит Иосиф (Чернов) атындағы үй-музейі өз жұмысын жалғастыруда
Толығырақ
Қарағанды архиепископы Севастианды туғанына 65 жыл толуына орай Патриархтың құттықтауы
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр