ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Рухани ағарту
07.08.2024, 12:00

Астана және Қазақстан митрополиті Александр Минск діни семинариясында болды

Астана және Қазақстан митрополиті Александр Минск діни семинариясында болды

5 тамыз, 2024 жыл . Беларусь. Астана және Қазақстан митрополиті Александр бастаған Қазақстан Митрополиттік округінің делегациясы Успен Жировичи монастырында және Минск діни семинариясында болды.

Қонақтардың сапары Успен монастірінің шіркеуінде  өткізілген Литургиядан басталды.

Діни қызметке қатысқандар: Астана және Қазақстан митрополиті Александр, архипескоп Новогрудский және Слонимский Гурий; Өскемен және Семей архиепископы Амфилохий; Несвижский епископы Авксентий, архимандрит Никодим Генералов, Минск діни семинариясының ректоры протоиерей Виктор Василевич, Қазақстан Митрополиттік округінің бөлімдері мен комиссиясының  О.Н. Овчинников бастаған қызметкерлері , Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткерлері.

Литургия соңында қонақтар Минск семинариясында болып, оқу процесінің барысымен, ғылыми-тәрбие жұмыстарының жүргізілуімен және діни мектеп мұражайының қызметімен танысты. Экскурсияны ректор, протоиерей Виктор Васильевич жүргізді. Митрополит Александр семинарияның академиялық дайындығы мен материалдық-техникалық базасының жоғары деңгейін атап өтті. Өскелең ұрпақты рухани-адамгершілікке тәрбиелеудегі еңбегі үшін архипастор Виктор әкені Түркістан епархиясының бірінші иерархы және Жетісу апостолы Софонии (Сокольский) орденімен марапаттады.

Келесі кезекте  Успен шіркеуінде  дұға ету рәсімі өтті, одан кейін Қазақстан Православие Шіркеуінің басшысы архиепископ Гуриге Верненский және Жетісу епископы Пимень орденін табыс етті. Бұл жоғары наградамен Иерарх Минск епархиясы мен Митрополит округі арасындағы қарым-қатынасты дамытудағы еңбегі үшін марапатталды.

Успен Жировичи монастірінде орналасқан бауырының зиратында митрополит Александр бүкіл Беларусьтің бірінші патриархалды экзархы митрополит Филеттің (Вахромеев) мәңгі рухына арнап дұғсын оқыды.

Монастырға экскурсиядан кейін митрополит билеушісі «Қазіргі әлемдегі Евангелия» бейнежобасына сұхбат берді.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді