16 қараша 2024 жыл. Алматы қаласы. Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен митрополит Иосиф (Чернова) атындағы рухани-мәдени және әкімшілік орталығының тақ залында «Жібек жолындағы Шығыс христиандығы (П.П.Семенов-Тянь-Шанскийді еске алу)» атты халықаралық ғылыми конференциясы өтеді.
Конференцияның мақсаты – Орталық Азиядағы Орта ғасырлардағы христиан дінінің тарихы бойынша ғылыми зерттеулердің нәтижелерін таныстыру және талқылау.
Ғылыми форумның ұйымдастырушылары: Қазақстан митрополиттік округінің қоғаммен байланыс бөлімі, Алматы православиелік діни семинариясы, Қазақстанның Библиялық қоғамы, Қырғызстанның Библиялық қоғамы, Орыс географиялық қоғамы, Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институты (Алматы қ , Қазақстан Республикасы), Қырғызстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Б.Джамгерчинов атындағы археология және этнография институты.
Конференция жұмысына тарихшылар мен археологтар – Орталық Азиядағы ортағасырлық христиандықты зерттеу саласындағы жетекші сарапшылар қатысады.
Ғылыми форумның алдын ала бағдарламасымен осында қоса берілген құжатта танысуға болады.
Оңтүстік астанада Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Олардың ерлігі өлмейді» атты фотокөрме ашылды
Толығырақ
Жексенбі күні, Құдай Анасының Иверская белгішесінің құрметіне арналған мереке күні митрополит Александр Алматыдағы Иверско-Серафимовский монастырінде Литургияны өткізді
Толығырақ
Алматыда Қазақстан Православие Шіркеуі Синодының отырысы өтті
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр