ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Рухани ағарту
18.11.2024, 18:00

Алматыда «Түркістан архиепископы, Жетісудың ағартушысы Софонииды (Сокольский) еске алуға арналған XXII Алматы православиелік оқулары» өтеді

Алматыда «Түркістан архиепископы, Жетісудың ағартушысы Софонииды (Сокольский) еске алуға арналған XXII Алматы православиелік оқулары» өтеді
22 қараша 2024 жыл. Алматы. Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен митрополит Иосиф (Чернов) атындағы рухани, мәдени және әкімшілік орталығының тақ залында «Түркістан архиепископы, Жетісу ағартушысы Әулие Софониды (Сокольский) еске алуға арналған ХХІІ Алматы православиелік оқулары» атты халықаралық ғылыми конференция өтеді.
 
Бұл ғылыми форум «Филарет оқуларының» жалғасы болып табылады. Тиісті шешімді Алматы православиелік діни семинариясының Ғылыми кеңесі қабылдады.
 
Қазақстан митрополиттік округінің рухани-ағартушылық іс-шарасы ХХХІІІ Халықаралық Рождестволық оқуларының аймақтық кезеңі, Астана және Алматы епархиясының құрылғанына 25 жыл толуы және Қазақстан митрополиттік округінің канондық мәртебесін бекітудің 15 жылдығын мерекелеу аясында өтеді.
 
Конференцияның тақырыбы: «Ұлы Жеңістің 80 жылдығы: ұрпақ жады және рухани тәжірибесі».
 
Ғылыми форумның ұйымдастырушысы – Алматы православиелік діни семинариясы.
 
Конференцияға Орыс православие шіркеуінің діни оқу орындарының ректорлары мен оқытушылары, шіркеулік-тарихи және дінтану пәндер саласындағы мамандар қатысады.
 
Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді