ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу және мемлекет
01.09.2024, 18:20

Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы «ПО Глобал – Спецодежда» фабрикасының қызметімен танысты.

Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы «ПО Глобал – Спецодежда» фабрикасының қызметімен танысты.

1 қыркүйек 2024 жыл. Ақтөбе. Астана және Қазақстан Митрополиті Александр ЖШС «ПО Глобал – Спецодежда» фабрикасында болды.

Кәсіпорын металлургия, мұнай-химия, тау-кен өнеркәсібі, энергетика, құрылыс және ауыл шаруашылығы салаларындағы қауіпсіздік талаптары күшейтілген кәсіпорындардың қызметкерлері үшін жұмыс киімдерін әзірлеуге және шығаруға маманданған Батыс Қазақстандағы ең ірі зауыт болып табылады.

Митрополиттік округ Басшысымен бірге болғандар: Ақтөбе және Қызылорда епископы Игнатий, Астана епархиясының викариесі, Талдықорған епископы Клавдиан; «Барлық қайғырушыларға қуаныш» Құдай Ана иконасы құрметіне алматылық шіркеудің басшысы протодиакон Евгений Воробьев, Митрополиттің жеке хатшылығының меңгерушісі иеромонах Прохор (Ендовицкий), Хаттама қызметінің басшысы протодиакон Роман Головин, протодиакон Владимир Сыровацкий.

Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысын кәсіпорын басшысы Шабаева Н.А.  және Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты Вишняк  С.В. қарсы алды.

Надежда Александровна Билеуші және онымен бірге келгендерге зауыттың өндірістік цехтарын аралатып, кәсіпорын қызметі туралы айтып берді.

Кәсіпорын басшысы Мәртебелі мырзаға зауыттың жаңа жұмыс орындарын ашуға және халықтың әлеуметтік осал топтарын қорғауға бағытталған түрлі қайырымдылық жобаларына қатысып жатқанын хабарлады. ЖШС «ПО Глобал – «Спецодежда»  базасында «Надежда» оқу-өндірістік кешені жұмыс істейді, онда мүмкіндігі шектеулі жандар арнайы бағдарламалар бойынша оқудан өтеді. Биыл мектепті 250 түлек бітірсе, олардың басым бөлігі тігін өндірісіне жұмысқа орналасқан. Қалалық жоғары оқу орындарымен, Ақтөбе сервис колледжімен және есту қабілеті бұзылған балаларға арналған колледжімен бірлесе отырып, компания тәлімгерлік элементтері бар дуальді білім беру бағдарламаларын енгізу мен әзірлеуді жүзеге асыруда, оқу орнында оның 80%-ы өндірістегі тәжірибелік сабақтарға және 20%-ы теориялық сабақтарға арналған. Бағдарламада компания кәсіпорындарында жас мамандарды өндірістік тәжірибеден өткізу мен әрі қарай жұмысқа орналастыру қамтылған», - деп  Надежда Александровна атап өтті.

Митрополит Александр, өз кезегінде, кәсіпкерді Қазақстан православие шіркеуінің тыныс-тіршілігі мен Қазақстан митрополиттік округінде атқарылып жатқан қайырымдылық шаралары туралы хабардар етті. Архипастор, атап айтқанда, «Солнышко» балалар үйі мен қарттар үйін біріктіретін «Обители милосердия» - Республиканың басты шіркеулік әлеуметтік-қайырымдылық орталығының  жұмысы туралы айтты. Экскурсия барысында Митрополиттік округ Басшысы кәсіпорын жұмысшыларымен әңгімелесіп, басшылық пен жұмысшылардың қызметіне Құдайдан жарылқау тіледі.

Митрополит Александр Қазақстан православие шіркеуінің Ақтөбе және Қызылорда епархиясының игі жолындағы еңбегін бағалап: Н.А. Шабаевты – Вера, Надежда, Любовь және София орденімен, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты С.В. Вишнякты - Алматы және Қазақстан митрополиті қасиетті діни қызметкер Николай орденімен марапаттады.

Кездесу соңында Оның Мәртебелісі және зауыт директоры естелік сыйлықтармен алмасып, игі істер мен бастамаларға сәттілік тіледі.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді