Алматы қаласының әкімі Ерболат Асқарбекұлы Досаев Астана және Қазақстан митрополиті Александрды және мегаполис тұрғындарын Рождество мерекесімен құттықтады:
«Барлық православиелік христиандар үшін ең маңызды және жарқын күндердің бірі –Рождество мерекесімен шынайы құттықтау мен жылы лебізімді қабыл алыңыз!
Терең рухани мағынаға толы бұл мереке сүйіспеншілікті, мейірімділікті және игіліктің салтанат құруына деген сенімді білдіреді. Қоғамдағы келісім мен татулықтың маңыздылығын, өзара құрмет пен ынтымақты нығайтуды еске салады
Қазақстанның православие шіркеуі Сіздің дана басшылығыңызбен еліміздің негізгі конфессияларының бірі бола отырып, басқа діни дәстүрлермен қатар қоғамда келісімді дамытуға және қоғамдағы рухани құндылықтарды нығайтуға баға жетпес үлес қосуда.
Бұл жарқын Рождество күндері барлық православ христианына шын жүректен шаттық, бейбітшілік және амандық тілеймін!»
Жексенбілік күні Митрополит Александр Мәскеудегі Қазақстан Митрополиялық округі Өкілдігінің храмында Құдайлық Литургияны өткізді
Толығырақ
Радонеждік қасиетті Сергийді еске алу күні митрополит Александр Мәскеудегі Қазақстан Митрополиттік округінің Өкілдігінде Құдайлық Литургияны өткізді
Толығырақ
Қарабұлақ кентіндегі Патша әулетінің қасиетті азап шегушілеріне арналған храмның престолдық мейрамы
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр