Қазақстан Православие Шіркеуінің басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александрды және еліміздің православие дінін ұстанушыларын Рождество мерекесімен құттықтаған Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі А.Г. Балаева құттықтады.
Құттықта хатында былай делінген:
Сіздіжәне православие шіркеуінің барлық сенушілерін Рождество жарқын мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл ізгі мереке миллиондаған адамдарды жақсылық, мейірімділік, әділдік мұраттары төңірегінде біріктіреді. Бұл мызғымас құндылықтар еліміздің тарихында ерекше рөл атқарады, ғасырлар бойы қоғамның сенімді рухани-адамгершілік тірегі қызметін атқарып келеді.
Православие Шіркеуі Қазақстандағы басқа конфессиялармен бірге бай тарихи-мәдени мұрамызды сақтауға, отбасы институтын нығайтуға, өскелең ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеуге орасан зор үлес қосуда.
Сіздің игі қызметіңіз алдағы уақытта да қазақстандық қоғамда келісім мен татулықты нығайтуға, конфессияаралық диалогты дамытуға үлес қосатынына сенімдімін.
Сізге зор денсаулық, бақыт және өркендеу тілеймін!
Жексенбілік күні Митрополит Александр Мәскеудегі Қазақстан Митрополиялық округі Өкілдігінің храмында Құдайлық Литургияны өткізді
Толығырақ
Радонеждік қасиетті Сергийді еске алу күні митрополит Александр Мәскеудегі Қазақстан Митрополиттік округінің Өкілдігінде Құдайлық Литургияны өткізді
Толығырақ
Қарабұлақ кентіндегі Патша әулетінің қасиетті азап шегушілеріне арналған храмның престолдық мейрамы
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр