ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу және қоғам
04.08.2025, 22:55

Халық қаһарманы, ұшқыш-ғарышкер Т.А. Мұсабаев дүниеден озды

Халық қаһарманы, ұшқыш-ғарышкер Т.А. Мұсабаев дүниеден озды

4 тамыз 2025 жылы Қазақстанның Халық Қаһарманы, Қазақстан Республикасының ұшқыш-ғарышкері Т.А. Мұсабаев 74 жасында қайтыс болды.

Ел Президенті Қ.-Ж.Қ. Тоқаев марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты: «Талғат Амангелдіұлы үш мәрте ғарышты бағындырған, ашық космосқа шығып, айтулы ерлігімен еліміздің атын әлемге танытқан батыр тұлға еді. Отандық аэроғарыш саласын дамытуға бар күш-жігерін жұмсап, еселі еңбек етті. Сенат депутаты және қоғам қайраткері ретінде көптеген игі іске бастамашы болды. Кәсіби біліктілігімен, айналасына сыйлы азаматтық қалпымен халықтың құрметіне бөленген Талғат Амангелдіұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды. Иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – деп жазылған жеделхатта.

Қазақстан Православие Шіркеуінің басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александр марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

2024 жылдың 27 ақпанында Астана қаласындағы елшілерге тең Кирилл мен Мефодий атындағы әкімшілік және рухани-мәдени орталығының камин залында Талғат Мұсабайұлы жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу мен қазіргі заманның өзекті мәселелері бойынша шіркеу-қоғамдық ынтымақтастығын нығайтуда жасаған еңбегі үшін Қазақстан Митрополиттік округінің жоғары наградасы – «Бейбітшілік пен келісім»  (Мир и согласие) орденімен марапатталған болатын.

Мұсабаев Талғат Амангелдіұлы – Қазақстанның Халық Қаһарманы, Ресей Федерациясының Батыры, Қазақстан Республикасының ұшқыш-ғарышкері, Ресей Федерациясының ұшқыш-ғарышкері, Қазақстан Республикасы авиациясының генерал-лейтенанты. Ол 1994 жылдың 1 шілдесі мен 4 қарашасы аралығында ЕО-16 бағдарламасы бойынша «Союз ТМ-19» және «Мир» орбиталық станцияларының бортинженері ретінде ғарышқа өзінің алғашқы ұшуын жасады. Ұшу кезінде ол екі рет ғарышқа шықты. Ұшу ұзақтығы 125 күн, 22 сағат, 53 минут, 36 секундты құрады.

Ол 1998 жылдың 29 қаңтары мен 25 тамызы аралығында ЕО-25 бағдарламасы бойынша «Союз ТМ-27» және «Мир» орбиталық станцияларының командирі ретінде екінші ғарыштық ұшуын жасады. Ұшу барысында бес рет ғарышқа шықты. Ұшу ұзақтығы 207 күн, 12 сағат, 51 минут, 2 секундты құрады.

Ол 2001 жылдың 28 сәуірі мен 6 мамыры аралығында «Союз ТМ-32» ғарыш кемесінің командирі және ХҒС-қа барған бірінші ресейлік экспедицияның командирі ретінде ғарышқа үшінші ұшуын жасады. Ұшу 7 күн, 22 сағат, 4 минут, 8 секундқа созылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Талғат Мұсабаев ҚР Білім және ғылым министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Одан кейін Қазақстан Президентінің 2007 жылғы 27 наурыздағы Жарлығымен құрылған Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігін басқарды.

2017 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Мұсабаев Сенат депутаты болып тағайындалды. Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі болды.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді