ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу және мемлекет
10.09.2025, 18:00

Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысының елорда әкімі Ж.М. Қасымбекпен кездесуі өтті

Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысының елорда әкімі Ж.М. Қасымбекпен кездесуі өтті

10 қыркүйек 2025 жыл. Астана. Елорда әкімдігінде Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың мегаполис әкімі Жеңіс Махмұдұлы Қасымбекпен кездесуі өтті.

Кездесуге Астана шіркеу округінің қүрметті өкілі архимандрит Сергий (Карамышев) қатысты.

Митрополиттіа округтің Басшысы мен елорда әкімі ағымдағы жылдың қыркүйек айында мемлекет басшысы

Қ.-Ж.К.Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға келіп және әлемдік және дәстүрлі діндердің VIII Съезіне қатысатын және Астанадағы Успен кафедралды соборында Литургияны өткізетін Мәскеу және Бүкіл Русь Әулие Патриархы Кириллдің алдағы Жоғары Басшылық сапарының алдын ала бағдарламасын талқылады.

Кезлесудің басты тақырыбы  Қасиетті Патриарх Кириллдің батасымен және ел Президентінің мақұлдауымен мегаполисте салынып жатқан Қазақстан жерінде жарқыраған Бүкіл әулиелердің құрметіне арналған шіркеуі бар рухани-мәдени және ағарту орталығының құрылысын талқылау болды. Ел астанасында құрылған ағарту орталығы мен православие шіркеуі Республикадағы ең ірі орталық мешіт кешенімен бірге Қазақстан халқының рухани күш-қуатының, бірлігі мен тарихи-мәдени мұрасына адалдығының көрнекі көрінісіне айналатыны атап өтілді.

Жаңадан салынған шіркеуді Орыс Православие Шіркеуінің Басшысы өзінің Жоғапы Басшылық сапары кезінде қасиетті етеді. Тараптар 8 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан Президентінің ел халқына жолдауының өзекті тақырыптарын талқылады. Қасым-Жомарт Кемелұлы өз жолдауында қазақстандық қоғамның басты ерекшелігі қашанда ашықтық пен толеранттылық – халықтың бірлігі мен келісімінің негізінде жатқан іргелі құндылықтар екенін тағы да атап өтті.

Екі жақтың пікірінше, адамдар арасындағы достық қарым-қатынастың бірегей үлгісі Республиканың ұлттық экономика салаларындағы, әлеуметтік саладағы және халықаралық дипломатиядағы болашақ табыстарының кепілі болады.

Әңгімелесу барысында Митрополиттік округтің Астана епархиясы мен Астана әкімшілігінің өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Достық жағдайда өткен әңгіме соңында тараптар бір-біріне денсаулық, еңбектерінде табыс тіледі.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді