17 қыркүйек 2025 жыл. Астана. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIІI Съезінің ашылу қарсаңында Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Қасиетті Кирилл Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевпен кездесті. Кездесу Мемлекет басшысының «Ақорда резиденциясында өтті.
Қазақстан Республикасының Президенті Орыс Православие Шіркеуінің Жоғары Басшысын қарсы ала отырып, бүгінгі кездесу Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты тереңдету жолындағы тағы бір маңызды қадам болатынын атап өтті.
«Ең алдымен, Съезге арнайы келгеніңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Сіздің бұл жиынға қатысуыңыз, шын мәнінде, форумның табысты өту тұрғысынан маңызды. Біз Сізді құрметтейміз. Өзіңізге мәлім, Қазақстан мен Ресей – стратегиялық серіктес, одақтас елдер, – деді Қ.-Ж.К. Тоқаев.
– Қасиетті Қазақстанға келу мені әрдайым қуантады. Бұл біздің достас еліміз. Ғасырлар бойы қатар өмір сүріп келеміз. Қазір мемлекеттеріміз бөлек болғанымен, достық, өзара қолдау және ынтымақтастық тінін берік жалғап отырмыз»,- деді Мәскеу Патриархатының басшысы.
Патриарх Кирилл өз жауабында: «Қасиетті Қазақстанға келу мені әрдайым қуантады. Бұл біздің достас еліміз. Ғасырлар бойы қатар өмір сүріп келеміз. Қазір мемлекеттеріміз бөлек болғанымен, достық, өзара қолдау және ынтымақтастық тінін берік жалғап отырмыз», - деп атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы рухани байланыстарды нығайтуға қосқан үлесі үшін әрі айрықша құрмет белгісі ретінде Мәскеу және бүкіл Ресей патриархы Кириллді «Алтын Қыран» («Золотой орел») орденімен марапаттады, деп Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты хабарлайды.
Кездесуге Қазақстан Республикасындағы Орыс Православие Шіркеуінің Митрополиттік округінің басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александр және Мәскеу Патриархатының көршілес елдердегі епархиялар Басқармасының басшысы Крутицкий және Коломенский митрополиті Павел қатысты.
Сонымен қатар қатысқандар: Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы М.С. Әшімбаев; Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Р.В. Скляр; Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрі А.Г.Балаева; Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Д.А. Абаев; Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық істер жөніндегі көмекшісі Е.Х. Қазыханов; Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі А.Н. Бородавкин.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр