7 қаңтар 2026 жыл. Алматы қаласының әкімі Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Астана және Қазақстан митрополиті Александрды Рождество мейрамымен құттықтады:
Құрметті Астана және Қазақстан митрополиті Александр!
Сізді жарқын да қуанышты мереке – Рождество күнімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыз.
Бұл мереке мәңгілік ақиқаттардың, ізгілік пен әділдіктің, гуманизмнің жоғары мұраттарының салтанат құруын білдіреді.
Рождество күндері адамдардың жүрегі сүйіспеншілік пен үмітке толып, жанашырлық пен мейірімділік танытады, туған-туыстары мен жақындарын қамқорлық пен қолдауға бөлейді. Сіз басқарып отырған епархия халықтың бірлігі мен келісімін нығайтуда, қазақстандық патриотизм құндылықтарын ілгерілетуде, жалпыұлттық бірегейлікті тереңдетуде маңызды рөл атқарып келеді.
Рождество мейрамы православие азаматтарына Қазақстанның өркендеуі жолында ізгі әрі әділ істерді атқару үшін күш-қуат, жігер мен рухани серпін берсін.
Сізге және барша православие христиандарына зор денсаулық, бақыт пен береке-бірлік тілеймін!
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр