ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу және мемлекет
08.01.2026, 10:00

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі А.Г. Балаева қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі А.Г. Балаева қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады.

7 қаңтар 2026 жыл.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александрды және барша сенушілерді Рождество мейрамымен құттықтады:

Аса Құрметті Жоғары Мәртебелі!

Сізді және Қазақстанның барша православие христиандарын Рождество мен Құдайдың игілігіне толы Жаңа жыл мейрамдарымен шын жүректен құттықтаймын!

Барлық замандарда адамзаттың басты адамгершілік құндылықтары — отбасыда, қоғамда және мемлекетте бірлік пен бейбітшілік болды әрі болып қала береді.

Ортақ үйіміз — Қазақстан Республикасында дінаралық және конфессияаралық диалогты қолдаудағы Сіздің тынымсыз еңбегіңіз үшін шынайы алғысымды қабыл алыңыз.

Осы рождестволық күндерде әрбір қазақстандық өзін берік те біртұтас отбасының ажырамас бөлігі ретінде қайта сезінсін. Шаңырағымызда өзара құрмет пен түсіністік орнасын.

Сізге және барша православие христиандарына бейбітшілік, келісім, өркендеу мен береке тілеймін!

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді