ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу және мемлекет
08.01.2026, 11:00

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Е.Б. Көшербаев Митрополиттік округтің Басшысын Рождество мерекесімен құттықтады

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Е.Б. Көшербаев Митрополиттік округтің Басшысын Рождество мерекесімен құттықтады

7 қаңтар 2026 жыл. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александрды Рождество мерекесімен құттықтады.

Құттықтау жолдауында былай делінген:

Аса Құрметті Жоғары Мәртебелі!

Рождество мерекесіне орай шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыз.

Бұл жарқын мейрам мейірім мен бейбітшілікті еске салып, ізгі істерге шабыттандырады.

Қазақстан халқының көпұлтты бірлігін нығайтуға ықпал ететін рухани-адамгершілік бағдарларды орнықтыру мен конфессияаралық диалогты дамытудағы Орыс Православие Шіркеуінің маңызды үлесін жоғары бағалаймыз. Рождестволық күндер Сізге жан қуанышын сыйлап, күш-қуатыңызды нығайтсын. Алдағы еңбектеріңізде Мәсіхтің Рождествосының нұры Сізге әрдайым серік болсын.

Сізге, Құрметті Жоғары Мәртебелі, зор денсаулық, рухани беріктік және қызметіңізде табыс тілеймін!

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді