7 қаңтар 2026 жыл.Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов Митрополитік округтің Басшысын Рождество мерекесіне орай құттықтады.
Құттықтау хатында былай делінген:
Астана және Қазақстан митрополиті, Аса құрметті Жоғары Мәртебелі, қадірлі Александр мырза,
Сізді Рождество мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл ұлы христиандық мейрам адамдарды мейірімділікке, өзара қолдауға шабыттандырады. Рождество мерекесі бір-бірімізге деген ізгілік пен жауапкершіліктің маңыздылығын еске салады.
Сіздің қызметіңіз бен салмақты ұстанымыңыз Қазақстандағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға ықпал етіп келеді, бұл шынайы құрметке лайық.
Рождествоның нұры игілік әкеліп, алдағы қызметіңізде күш-қуат берсін. Сізге зор денсаулық, рухани беріктік, ал барша сенушілерге — бейбітшілік, келісім мен жақсылық тілеймін!
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр