7 қаңтар 2026 жыл. Астана қаласының әкімі Жеңіс Махмұдұлы Қасымбектің Рождество мерекесіне арналған құттықтауы:
Құрметті митрополит Александр мырза!
Сізді Рождество мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл ұлы христиандық мейрам адамдардың жүрегін сенім мен үміт нұрына бөлеп, ізгілікке, өзара түсіністікке, жақындарына деген жауапкершілікке ұмтылысты нығайтады, ғасырлар бойы қалыптасқан рухани дәстүрлер мен мәңгілік құндылықтарға жетелейді.
Орыс Православие Шіркеуі рухани және мәдени мұраны сақтауда, ағартушылық пен әлеуметтік қызметті дамытуда маңызды рөл атқарады. Сіздің архипастырлық қызметіңіз қоғамның адамгершілік негіздерін нығайтуға, конфессияаралық келісім мен елордадағы тұрақтылықты сақтауға елеулі үлес қосып келеді. Бұл — бай тарихы, мәдениеті мен рухани өмірі тоғысқан қала.
Рождество мерекесінің нұры Сізге мықты денсаулық, жан тыныштығы мен ертеңгі күнге сенім әкелсін, ал келе жатқан жыл жемісті шығармашылық еңбек пен жаңа игі бастамалардың уақыты болсын. Сізге және жақындарыңызға береке-бірлік, бейбітшілік және Құдайдың рақымын тілеймін.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр